Басты бет Әлеумет Паспорт алам десеңіз…

Паспорт алам десеңіз…

0
931

Егер
сіз шетелге жол жүретін болсаңыз, міндетті түрде паспорт жасатуыңыз керек! Қазақстан Республикасы азаматының
паспортын қалаған уақытта рәсімдеуге болады.
Бұл құжатты алу үшін ХҚКО-дағы миграция қызметінің мамандарына
келесі құжаттардың бірін ұсынасыз:
✅ туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң
жеке куәлiк);
✅ҚР азаматының паспорты (паспорт
ауыстыратын кезде);
✅ жеке куәлiк
✅ iшкi iстер органдары беретiн
белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама;
✅ Қазақстан Республикасының шетелдiк
мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi;
✅ еркін түрдегі жазбаша өтініш (азаматтың
хал актісіне туу туралы, туған жері, ұлты туралы өзгерістерді енгізе отырып
айқындамалық деректерді өзгерткен, жоғалған жеке куәлік және (немесе) паспортты
қалпына келтіру мәселесі бойынша жүгінген кезде).
Егер балаға паспорт рәсімдейтін болсаңыз:
🔺туу
туралы куәлік
🔺
ата-анасының бірінің жеке куәлігі
❗8 АЕК мөлшеріндегі баж салығын төлеп,
өтініш бергеннен кейін құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Қажет жағдайда
қосымша ақы төлеп, оның мерзімін жеделдетуге болады.
Паспорт 10 жылға жарамды! Сапарыңыз сәтті
болсын!

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді.