Басты бет Басты ақпарат Білімді ұрпақ – білікті ел

Білімді ұрпақ – білікті ел

0
1,395

Болашағымыздың жарқын, кемел болуы үшін бүгінгі жас
ұрпаққа саналы тәрбие мен білім берілуі қажет екендігі айтпаса да белгілі.
Ғылым мен технологияның қарыштап дамыған заманында ұрпаққа берілетін білімнің
жүйелі, нақты болуы қажет. Алайда аталмыш сала бойынша ел арасында айтылып
жатқан түрлі ой-пікірлер жетерлік. Халықтың ойындағы мәселені нақ тауып, Арқа
төсінде өткен тамыз конференциясында Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласының ілгерілеуі жолында нақты тапсырмаларын
беріп, өнегелі ой айтты. Мемлекет басшысы білім саласы шеңберінде сегіз мәселе
көтеріп, олардың алдағы уақытта шешілуі керектігін нақтылады.

Жоғарыда аталған сегіз мәселенің бірі – білім сапасын
көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау. Мұнда Президентіміз алдымен, мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың
сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға
байланысты мәселелерді атады. Бұл ретте туындаған мәселелер дер кезінде
анықталып, уақтылы оның оңтайлы шешімі табылуы керектігі жүктелді. Яғни бүгінгі
білім сапасының ілгерілеуі тікелей мұғалімдерге байланысты. Мемлекет басшысы
айтқандай, олардың білімдерін жыл санап жетілдіру үшін курстармен, семинар
сабақтармен шектеп қалмай тәжірибелі ұстаздардан сабақ алып тұруы қажет. Сонда
ғана білікті, білімді мұғалімнен тәрбие, білім алған оқушы ел ертеңінің
тізгінін еркін ұстай алады. Мемлекет басшысы көтерген бұдан да басқа мәселелер
алдағы уақытта өз шешімін тауып, білім саласының деңгейі әлем елдерімен
теңеседі деген ойдамын.

Гүлбақыт ЖАНҒАЗИЕВА

Бастауыш сынып мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СУ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАНДА ӨЗЕКТІ

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қарадалаға …