Басты бет Басты ақпарат ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА

0
1,642

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл 74 жыл толды. Бұл алапат соғыс тарих бетіне ешқашан өшпейтін із қалдырып, талай жанның жүрегіне үлкен сызат түсірді. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың, Отан үшін отқа түскен батырларымыздың ерлігін, тылда жүріп, жеңіс туын жақындатқан ата-апаларымыздың еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болмақ. Сондықтан да бұл айтулы дата сан ғасыр өтсе де ұрпақтардың мәңгі есінде қалады және жүректерінде сақталады.

9 мамыр – Жеңіс күніне орай ауданда үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Бұған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауданның атпал азаматтары мен тұрғындары көптеп жиналды. Ең алдымен жылдағы дәстүр бойынша ескерткішке гүл шоқтары қойылып, денесі жер қойнына тапсырылған ардагерлерді көпшілік бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонан соң мінбеге шыққан аудан әкімі Шухрат Нурахунов аудан тұрғындарын Ұлы Жеңіс және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, достығы мен ынтымағы жарасқан еңселі еліміздің мерейі әр уақытта үстем болсын деген тілегін білдірді. Көзсіз ерлігімен, батырлығымен ұрпағына үлгі танытқан ардагерлеріміздің өткені ешқашан ұмытылмайтындығын, олардың есімі мәңгілік ел есінде сақталатындығын айтты. Арамызда санаулы қалған ардагерлеріміздің аман, ғұмырларының ұзақ, денсаулықтарының мықты болуын тіледі. 2534 әскери бөлімінің командирі Бауыржан Тасимов Отанына адалдық танытып, елі мен жері үшін қан кешкен майдангерлердің ерлігіне тағзым жасап, олардың жүріп өткен жолын жалғастыру бүгінгі ұрпақтардың, Отан қорғаушылардың басты парызы екендігін айтты. Ардагерлердің ерлігімен келген бүгінгі бейбіт заманның тыныштығын күзетіп, ел үшін қалтқысыз қызмет етеміз деген сенім білдірді. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Султанмурат Гаппаров өз сөзінде тәуелсіздік алған алғашқы жылдары еліміздің шекарасын айқындап, іргемізді бекіткенімізді айтып, ендігі уақытта аспанымыздың ашықтығы мен еліміздің тыныштығы – Отан қорғаушылардың қолында екендігін айқындады. От пен оқтың ортасында жүріп, ерлік танытқан ардагерлердің қайсарлығын жалғастыруға жастарды шақырып, абыройлы міндетті атқарып келе жатқан қарулы күштер – қоғамдағы татулық пен келісімнің мызғымас тірегі болады деп сендірді. Ізгі тілектер мен жүрекжарды лебіздер айтылғаннан кейін, 2534 әскери бөлімі офицерлерінің, арнайы жасағының және Шонжыдағы мектеп оқушылары мен политехникалық колледж білім алушыларының 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған шеруі өтті. Сондай-ақ 2534 әскери бөлімінің арнайы жасағы аудан тұрғындарына оқу-жаттығулардың түрлерін көрсетіп, шекарашылардың қырағылығы мен сауысқандай сақтығын көріністері арқылы паш етті. Әсем әндерін әуелетіп, мың бұрала би билеген, құлақтан кіріп, бойды алар күй орындаған аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің асқан ерлігі ел есінде мәңгілікке сақталары сөзсіз. Ал оларға құрмет көрсетіп, тағзым жасау ешқашанда тоқтамауға тиіс. Арамызда саусақпен санарлық қалған ардагерлерімізді ардақтап, батырлықтарын бағалап, тыл еңбеккерлерін құрметтейік.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан з…