Басты бет Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы Ауданның инвестициялық жағдайы

Ауданның инвестициялық жағдайы

0
134

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес бастамасы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталғандығын білеміз. Оның ішіндегі елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге қатысты айтылғаны шалғай жатқан бізге де жетті. «Нұрлы жол» бағдарламасы да жүзеге  асырылуда. Бұл бағдарлама Қазақстанның сапа жағынан жетекші инфрақұрылымдармен әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына кіруге бағытталған.

Инфрақұрылым салу үшін үлкен инвестиция талап етіледі.
Аудан бойынша инвестиция көлемінің негізгі капиталы 2017 жыл ішінде 18715 млн.теңгені құраса, 2018 жылы 10 537 млн.теңге көлемінде болды. 2018 жыл ішінде капиталдың бірталай инвестициялық жарнасы аудан көлемінде жолдарды жасауға 341,4 млн. теңге, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталып инвестиция көлемі 2097,1 млн. теңгеге арттырылды.
Аудан экономикасының дамуына өзінің үлкен үлесін қосқан мекемелердің бірі «АзияГазЧунджа» ЖШС, инвестиция көлемі 101,6 млн. теңгеге арттырылды, ал 2019 жыл басынан газ тарту жұмыстары қарқынды жүруіне байланысты инвестиция көлемі ұлғаяды деп жоспарланып отыр. 2018 жылы аудан көлеміндегі жолдарды жасауға 341,4 млн. теңгеге машиналар мен жабдықтар алынды. Қоғамдық қауіпсіздік шараларының сапасын арттыру мақсатында ауылдық округтерде учаскелік полиция пунктерінің құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 468,7 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күнде ол толығымен игерілді.
«FARM AGRO» ЖШС-і 2017 жылы 573 бас асыл тұқымды мал алса, 2018 жыл ішінде 674,7 млн. теңгеге техника сатып алып, қоршау істері, су іркуіш құбырлары салынды.
Кетпен ауылының жолдарын күрделі жөндеуге 76,8 млн.теңге, Ақтам ауылына – 43,7 млн.теңге, Тиірмен ауылына – 30,0 млн.теңге, Шошанай ауылына – 41,3 млн. теңге, Шонжы ауылына – 67,7млн. теңге бюджеттен бөлініп, бүгінгі күнде толығымен игерілді.
Инвестицияның көбеюі аудандағы инфрақұрылымның дамуының, экономиканың жоғарылауының берік негізі.

Аудандық статистика басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА