«Ерлік– жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымыздың ерлігін ұмытпаймыз. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол.
Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінде «Ерлік елге – мұра» атты Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Сержан Абировтың ұйымдастыруымен Ауған ардагерлерінің басын қосқан кездесу өтті. Аталмыш кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Нұрбол Аубакиров, Серік Аликбаев, Бақыт Оразбаев сынды майдангер ағаларымыз оқушылардың бойына еліне, жеріне деген сүйіспеншілік пен патриотизмді дарыту және ерлік туралы түсінік қалыптастыру мақсатында ашық сыр сұхбат жүргізді. Ауылымыздың мақтанышы болып жүрген Ауған соғысының ардагерлері жас ұрпақтың бойына намыс, Отансүйгіштік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастырып қана қоймай, елін, жерін қорғайтын, халқының қамын жейтін нағыз патриот болуды үндеді. Оқушылар ардагер ағаларға арнап өлеңдер оқып, әуезді әндерін орындады.
М.ӘДІЛБЕКОВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
ЗОРЛУҚ-ЗОМБУЛУҚҚА ҚАРШИ ЖАЗА ҺӘҚҚИДӘ
Йеқинда ижтимаий торларда Қазақстан ажришиш бойичә дунияда биринчиләр қатарида туриватқанл… -
Президент өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан з… -
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҮДЕП БАРАДЫ
Жазушылар – қоғамның барометрі. Өйткені олардың жазған кітаптары, ондағы кейіпкерлердің бо…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҚСЫЛЫҚ – ЖЕТІСУДЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
Өткен аптаның бейсенбісінде Қарадаланың халқы қасиеті орасан халық әндерінің әуелеген орта…