Басты бет Әлеумет БҰДАН ДА ҚИЫН КҮНДЕР АРТТА ҚАЛҒАН

БҰДАН ДА ҚИЫН КҮНДЕР АРТТА ҚАЛҒАН

0
1,851

    Жасым сексенге жеткен зейнеткермін. Бала тәрбиелеп, немере шөбере өсіріп отырған жайым бар. Тәуелсіз Қазақстанымыз да  дәл осы балаларым секілді өсіп келеді. Құдайға шүкір бүгінгі халіміз бұрынғыдан өзгерек. Көпті көрдік, көп түзелдік. Ең бастысы ана мен бала аман. Сау ұрпақ тәрбиеленіп, білімді жастар өсіп келеді.    Еліміздің болашағы деп білетін балапандарымызға барлық жағдай жасалған. Ауданның құрметті азаматы ретінде аймағымызда орын алып жатқан жақсы істерге көңілім толады. Барлық ауылдар балабақшалармен қамтылып, сапалы білім беретін мектептер бар. Басы ауырып, балтыры сыздаған жандарға көмек қолын созатын аурухана есігі ашық. Денсаулығында кемістігі бар көмекке зәру жандарға үнемі көмек көрсететін мемлекеттік бағдарламалар мен атымтай жомарт азаматтар үнемі дайын.Әрине енді ғана дамып келе жатқан елімізді алпауыт мемлекеттермен салыстыруға келмесі анық, көш жүре келе түзеледі демей ме, бүгініміз бұрынғымыздан жақсы. Ертеңіміз бұданда жақсы болады дегенге сенемін.

Жанабіл Смадиев, зейнеткер.

Қырғызсай

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді.