Басты бет Рухани жаңғыру ТАРЛАНДАР БАҚ СЫНАҒАН ТАРТЫСТЫ ДОДА

ТАРЛАНДАР БАҚ СЫНАҒАН ТАРТЫСТЫ ДОДА

0
901

ЕЛБАСЫНЫҢ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫ АЯСЫНДА АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНДЕ ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕН СПОРТ ШЕБЕРІ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «UNIFIGHT» ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЯЛҚУНЖАН САДЫКОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН УШУ-САНЬДАДАН ЖӘНЕ «UNIFIGHT» СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЕРЕСЕКТЕР, ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ. БҰҒАН ОБЛЫСТЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН ЖИНАЛҒАН СПОРТШЫЛАР ҚАТЫСТЫ.

Аталмыш турнирдің ашылуына арнайы қатысқан аудан әкімі Шухрат Нурахунов ең алдымен спорттық іс-шараны ұйымдастырып отырған Алматы облысының «Unifight» федерациясының президенті Ялқунжан Садыковқа алғысын айтып, алғыс хатын табыс етті. Сонан соң ауданнан шыққан республика, әлем деңгейінде аттары шығып, аудан абыройын асқақтатып жүрген спортшылар жайында әңгіме қозғап, тартысты додаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Алматы облысының «Unifight» федерациясының президенті Ялқунжан Садыков сөз кезегінде жастарды спортқа шақырып, саламатты өмір салтын қалыптастыруда еңбек етіп отырған аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымына, оған жағдай жасап отырған аудан әкімдігіне риясыз рақметін айтып, осы ауданда өзін спортқа тәрбиелеген ұстаздарына алғысын білдірді. Сол сияқты аталмыш турнирді ұйымдастыруда қолдау көрсеткен аудан азаматтары мен спортшыларға «Unifight» федерациясының алғыс хаттары мен сыйлықтарын табыс етті. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары спортшыларға рух берер әндері мен билерін орындап, жиналғандардың қошеметіне бөленді. Сонан соң тартысты дода спортшылардың салмақ дәрежесіне, жас ерекшелігіне қарай жалғасын тапты. Аталмыш спортқа алдын ала дайындалып, іріктеуден өткен сан мықтылар қатысты. Барлығының да көздегені жеңіс тұғырынан көріну екендігін көздеріндегі жалыннан-ақ байқадық. Қолдарынан келгенше тырысып, қарсыластарын сан соқтыруға тырысып бақты. Дегенмен мұндайда бағы мен бабы сай келгендердің топ жаратыны анық. Алғашқы іріктеуде бірі жеңіліс тапса, енді бірі жеңіске қол жеткізді. Ал ширек финалда барлық спортшылар бойларындағы күш-қайраттарын жинап, қызықты ойын өткізді. Тартысты додаға барлығы жүз жиырма спортшы қатысқан болса соның елу пайызын біздің аудан құрады. Осылайша ауданымыздың жас спортшылары жас ерекшелікке қарай жеңіс тұғырынан көрініп, мақтау қағаздары мен жүлделі сыйлықтарға ие болды.

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…