Басты бет Басты ақпарат Төр – қариялардыкі

Төр – қариялардыкі

0
58

Қазан айының бірінен қарашаның біріне дейін қарттарға құрмет көрсетілетін ай ретінде бекітілді биыл. Яғни қарттар мерекесі бір күнмен ғана шектелмейтін болды. Ай бойы оларға деген сый-құрмет толастамауы керек.

«Дастарқан» дәмханасында ауданның абыройлы, беделді ақсақалдары бас қосқан мерекелі кеш болды. Аудан әкімі Шухрат Нурахунов өзі ұйытқы болған бұл кездесуге әр ауылдың марқасқалары жиылыпты. Аудан басшысы ыстық ықыласын білдіріп, алғыс сезімін жеткізетіндігін естіген қариялар да мәз-мейрам. Мол жайылған дастарқан басында емен-жарқын әңгіме айтысып, шүйіркелескен қариялардың көңілдері көл-дәриядай тасқындады. Шухрат Турдахунұлы ақжарма тілегін айтып, өзінің ең жылы сөздерін арнаған алғыс хатын табыстап, әр қарияның еңбек жолына қысқаша тоқталып, оларға ұзақ ғұмыр тіледі. Арнайы әзірленген тағамнан ауыз тие отырып, арасында ән тыңдап, мәре-мәре болған қариялар өздері де тойдың сәнін келтіріп, әу десіп, мерекенің көрігін қыздырды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нурвәг Сейитов бұл күннің маңыздылығын айтып, үлкенін сыйлаған, ардақтаған ұлттың азбайтындығын, берекенің басы бола білген ақсақалдардың жүріп өткен жолдарының қиындығын еске салып, бүгінгідей тәуелсіз елдегі бақытты қарттықты бағалап жатқан ұрпағына аталық алғысын жеткізді.
Әр тілектен соң аудандық мәдениет үйі жанындағы «Жазерке», «Арзу» ансамбльдерінің мүшелері әуезді әндерін, мың бұралған билерін тарту етті. Бір сәтке дәмхана іші қарттардың өз шығармашылығына арналғандай әркім бойларындағы қабілеттерін ортаға салысты. Қырғызсайлық Нұрғалық ағаның қоңыр дауыспен орындаған әні өзгелердің делебесін қыздырып, ақсақалдардың көңіл хошын аспандатып-ақ тастады. Бата бергендер, тілек айтқандар, жыр оқығандар да табылды. Күздің қоңырқай күнінің шуақ шашқан жазға айналғаны қарияларға көрсетілген үлкен құрметтің белгісіндей. Бүкіл саналы ғұмыры егістік басында өткен, еңбектің нағыз майталманы шарындық Социалистік Еңбек Ері Рахиләм Сейитова жүрекжарды тілегін айтса, аналар атынан сөз алған зейнеткер ұстаз Құрманхан Іліпбаева да әйелдердің төккен тері, бала бағудағы жанкешті еңбектерін дәріптеді. Кіші Дихан ауылдық округі атынан Мәлс Ахметжанов кешті ұйымдастырған аудан әкімдігіне алғысын жеткізіп, қарияларды төл мерекелерімен құттықтады. Аудандық ұйғыр этномәдениет орталығының төрағасы Мирзахмет Жәмиев қазыналы қариялардың қоғамда алатын орны мен атқарар миссияларының биіктігін айтып, оларға құрметтің арнайы күндерде ғана емес тұрақты көрсетілуін тіледі.
Жарасымды қалжың мен әдемі әзіл араласқан, оған қоса сазды ән мен тамаша би қосылған бұл кеш қариялардың біраз уақыт әңгімелеріне арқау болары анық. Көңілдері көлдей шалқыған ақсақалдардың бір сәттік қуаныштары бізді де марқайтты.
Ынтызар БЕРЕНБАЕВА

  • ӘСТИН ЧИҚМАС БИР КҮН

    Вәтәнпәрвәрлик – туғулған йәргә болған муһәббәттин томур тартиду. Шундақ екән, биз яшлирим…
  • ҰЛТТЫҚ РУХЫМЫЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

    «Ел болам десең, бесігіңді түзе» — дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Яғни адамзаттың бастауы …
  • Кетпенде өткен керемет кеш

          Кетпен ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРҚЫН ІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалы…