Басты бет Спорт ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН ЖАС МАМАН

ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН ЖАС МАМАН

0
13,236

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында аудан үшін жағымды жаңалықты естіп, төбеміз көкке жетті. Облыста №1 Шонжы орта мектебінің мұғалімі Руслан Кебиров «Үздік сынып жеткшісі» номинациясы бойынша бірінші орын алып, айды аспаннан шығарды. Жүрегіміз жарыла қуандық. Жас маманның бұл алған асуы ауданның атын шығарып, өзі білім беретін мектебінің абыройын асқақтатты. Спортты жан серігіне айналдырған Руслан Андрейұлы өз шәкірттерінің де ең алдымен шымыр, денсаулықтары мықты болуына көңіл бөлсе, сынып жетекшілігі жолында оқушыларының жан-жақты бәсекеге қабілетті болуын қатты қадағалайды. 2014 жылы 7 «Д» сыныбын өз жетекшілігіне алды. Осы төрт жылда оның сыныбы мектептегі ең белсенді, тәртіпті, сыпайы оқушылар деңгейіне көтерілді. Өзі әр оқушысымен жеке жұмыс жасап, олардың бойларындағы қабілеттерін әрі қарай дамыту жолында тер төгіп жүр. Қазіргі баланың сұранысы өте биік. Оның үдесінен шығу қиямет-қайым. Руслан Андрейұлының алдына қойған мақсаты – оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп қана қоймай олардың өмірге қызығушылықтарын, бойларындағы қабілеттерін әрі қарай ұштастыру. Өзінің жастық жігерін балалардың бойына дарыту жолында өзіндік соқпақ салып алғаны да оның алғырлығын танытса керек. Өзі белсенді, бастамашыл ұстаз ретінде аудан көлеміндегі барлық мәдени іс-шараларға белсене қатысады. Облыстық, аудандық футбол жарыстарында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болса, 2017 жылы наурыз айында «Ең үздік сынып жетекші» мектепішілік байкауында біріншілікті иеленіп, аудандық байқауда да бас жүлдені ешкімге бермеді. 2018 жылдың 14 қыркүйегінде Талдықорған қаласында өткен облыстық «Ең үздік сынып жетекші-2018» байқауында бағы жанып, бабы шауып 1-ші орын иегері атанды.
Русланға жеңісің құтты болып, бала тәрбиесіндегі жұмысың жансын деген тілек айтамыз. Білім саласының жарқыраған жұлдызы болып жан!

Баян
МАМЫРБАЕВА

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТ ҮСТІНДЕ АТОЙЛАҒАН ЖІГІТТЕР

Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ а…