Басты бет Иман Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі

0
4,356

«Дін – ғылымның анасы,
Дін – ғылымның әкесі.
Ғылым – діннің баласы,
Дін – ғылымның көкесі.
(М.Мақатаев)

Дін мен ғылымның ара жігін ажыратқан мына бір шумақтан қазақтың маңдайына біткен біртуар ақыны Мұқаңның дінді қаншалықты биік дәрежеге шығарып тұрғандығын анық аңғаруға болады. Нағыз ғылым саласының майталманы Әлкей Марғұланның «Биссмилләсіз» іс бастамағандығын да барлығымыз білеміз. Бұл тек бір ғана мысал. Ал енді менің де жеке көзқарасым бойынша ғылымнан да биік тұрған діннің мемлекеттік саясаттағы алар орны мен діндегі мемлекеттің алар орнын және атқаратын рөлі қандай екендігін сіздермен бөлісіп көрейін.
Ерте заманнан бері атадан келе жатқан салт-дәстүрді, имандылықты, жалпы адами болмыс пен барлық жақсы қасиеттерді ұрпақ арасында дәріптеп, ізгілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, тазалыққа шақыратын һақ дін – Ислам діні екені белгілі. Ата-бабамыз әлімсақтан мұсылман болғандықтан, иман жолынан адаспай, жүздерін құбылаға бұрып, сәждеге бас ұрып, бес уақыт құлшылығын бұзбай, Алланың ақ жолында адам болуға амал жасаған қашанда. Өз ұрпақтарын да ақиқаттың жолында иманын бойына сіңірген инабатты адам болып өсуі үшін Исламның заңдылықтарымен тәрбиелеп отырған. Тарихта аты қалған небір ғұламалар мен данышпандар Ислам дінін нық ұстанып, оның бағыт-бағдарымен ілімдерін толықтырып отырған. Яғни осыдан ғасырлар мен дәуірлер бұрын өмір сүрген адамзат Исламның ілім мен білімнің діні екендігін түсінген. Сондықтан дін мен ғылымды және сол кезеңдегі мемлекеттік басқару жүйесін үнемі ұштастыра білген.
Бүгінде қас-қағым сәтте өзгеріп отыратын қоғамның өтінде дінге деген көзқарас күрт өзгерген. Білімнің әлсіздігі мен сауаттылықтың ақсауы Исламның тұнығын лайлауға әкеліп соқтырып жатыр. Білімсіз дінге ден қою соңғы уақыттарда түрлі радикалды топтардың кесірінен үздіксіз орын алып жатқан қоғамдық қақтығыстардың куәсі болуда. Жас ұрпақтың санасын улаған мұндай әрекеттер мен ағымдардан аулақ болу үшін, иманды әлсіретпей өзіне қажетті біліммен қамтылып, адам деген атқа ие болу үшін Исламдағы ілім мен дүниенің ілімін қатар алып жүру ең дұрыс амал.
Діннің бүгінгі қоғамдағы тағдыры өте нәзік және жіңішке екендігі айдан анық. Ал мемлекетті басқару жүйесіндегі саясат пен осы дін бетпе бет келген тұста қоғамда кейде кереғар көзқарастар туындап қалып жатқан кездер де жоқ емес. Осы орайда дін саласында мемлкеттік саясат өз алар орнын белгілеп, тиісті талаптарын қойды десек те болады. Жаңа ғана жоғарыда аталған қоғамдық қақтығыстар мен шиеленістер орын алып, бейбіт өміріміздің астаң кестеңін шығармас үшін дін саласында мемлекеттік саясаттың орын алғандығы абзал деп ойлаймын. Белгілі бір дәрежеде діни ережелер мен талаптарды сақтай отырып, мемлекеттің саясаты дін саласынан өзіндік орнын тауып, тепе-теңдікті сақтап отырса қоғам құбылмалы күйге түспей, бейбіт әрі тыныш өмір сүруге кепілдік бола алады деп ойлаймын.
Тарихқа көз салсақ, дін мен билік біте қайнасып жатқандығын анық байқауға болады. Тазалықтың және әділдіктің діні Исламда қай кезеңде де дәл осы дінді дәріптеген тұлғалар сауатсыз болған жоқ, олар міндетті түрде үлкен ғылыми еңбектердің иесі, ойшыл, ғұлама, данышпандар болып өткен. Сондықтан болар біздің кезімізге дейін ата дініміз қаймағы бұзылмай аманат ретінде жеткендігі. Сол атадан келген ақиқаттың жолы ислам дінін оның тұнығына тас лақтырушылардан қорғап, оған сауатсыздық пен ілімнің әлсіздігі кесірінен қара күйе жақтырмас үшін дініміздегі және дүниедегі білімді қатар алып жүріп, жан-жақты білімді болуға тырысуымыз қоғам талабы болып отыр. Білім жолында шектеліп қалмай, үнемі ізденісте жүріп, үйреніп білгендігіміз ешқашан артық болмасы айқын
Мәулен НҰРОВ
«Нұр Отан» партиясы аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

НӘЗИР-ЧИРАҚ ӨТКҮЗҮШ

    Мусибәт болған өйдә, болупму, намаз күни қазан қайнитип, қан чиқиришни тохтатқинимиз т…