Басты бет Ақпарат ағыны ЕТКЕН ЕҢБЕК, ТӨККЕН ТЕРДІҢ ЖЕМІСІ

ЕТКЕН ЕҢБЕК, ТӨККЕН ТЕРДІҢ ЖЕМІСІ

0
63

Ауылшаруашылығы – жылдан-жылға жетіліп, дамып, мемлекеттің қолдауына ие болып келе жатқан сала. Соған қарай жеке кәсіпкерлер мен шаруашылық иелері жұмыстарының ілгері, сапалы болуына айтарлықтай жұмыс жасап, мемлекеттік бағдарламаларды пайдалану арқылы ауқымын кеңейтуде. Ауданымыз ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде біршама жоспарлы жұмыстарды жыл басынан алға қойып, жүйелі орындауда. Еткен еңбектеріне қарай биыл шаруашылықтар өнімдерін жинап, егіндерін орып жиын-терін науқанын бастады.

Аудандағы шаруалардың жұмыс барысы жайында аудандық ауылшаруашылығы бөлімі мамандарынан ақпарат алған едік. Олардың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда егін, бақша, бақ отырғызушылардың саны биыл бірнеше есеге артқан. Нақтырақ айтқанда, аудан бойынша 22,540 гектар ауылшаруашылығы өнімдері өндірілген. Яғни оның 490 гектарына күздік бидай, 1731 гектарға арпа, 11,700 гектар жерге жүгері, 350 гектарға күнбағыс, 338 гектарға картоп, 200 гектар жерге түрлі бақша өнімдері, 134 гектарға көкөністің түрлері өсірілген. Жаз бойы тынымсыз еңбек етіп, еккендерін оруға кіріскен шаруашылық иелері күзгі жиын-терін науқанында біршама өнімге кенеледі деп күтілуде. Қазіргі таңда шаруалар шамамен 1030 тонна күздік бидай, 3412 тонна арпа, 416 тонна күнбағыс орған болса, 7584 тонна картоп, 3347 тонна бақша өнімдері, 3260 тонна көкөністің түрлерін жинапты. Сол сияқты ауданда 124,700 тонна шөп қоры жиылып, толығымен аяқталған. Алдағы уақытта жүгері орылып, егіндерін жинап үлгермеген шаруалардың жұмысы толығымен аяқталатын көрінеді. Көктем шығысымен қолдарына кетпен ұстап, жер шабатын диқандарға биылғы жаздың ауа-райы қолайлы болған көрінеді. Көктем жауын-шашынмен, жаз күннің жылылығымен өтіп, өнімдердің уақтылы өсіп, пісіп жетілуіне айтарлықтай септігін тигізген. Тек диқандар үшін судың біраз мәселе болғандығын жасырмады аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары. Осынша жердің барлығы адамның қолымен бітпесі анық. Мұнда ауылшаруашылығы техникаларының атқаратын рөлі ерекше. Жерді игеруге, тыңайтқыштар сеуіп, өнімдерді жинауға арналған техникалар да өткен жылға қарағанда саны артқан. Осы жылы ауылшаруашылығы техникаларынан 9 су жаңа трактор, 3 ауылшаруашылық техникасы сатылып алынып, қазіргі уақытта аудан бойынша 503 трактор, отыздан аса жиын-терін техникасы, 18 жем-шөп дайындайтын техника бар екен. Алдағы уақытта бұлардың санын арттырып, ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасын нығайту жолын қарастырып, мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасап отырған шаруаларға көптеп қолдау көрсету керектігін жоспарға қойып отырған аудандық ауылшаруашылығы бөлімі шаруашылықтардың басты мақсаты – сан емес, сапа дейді.

«Көктемнің бір күні – жылға азық» дегендей тынымсыз еңбектенген диқандардың биылғы азығы молынан болыпты. Күз – қашан да молшылық пен берекеге толы мезгіл. Дегенмен соған кенелу үшін маңдай тер мен табандылықтың қажет екендігі ақиқат. Ендеше әр жылымыз береке мен мерекеге толы болғай.

Думан
САРТБАЕВ

 

  • Жігіттер жеңіске жетті

    Жақында Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты…
  • КҮРМЕУІ КӨП МӘСЕЛЕЛЕР

         «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық бөлім, мекеме басшыл…
  • ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның от…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Келіннің аяғынан…

Өмірдің мәнін оның ащы-тұщысын, ыстық-суығын көрген адам ғана бағалай алады. Басынан ештең…