Басты бет Өңір тынысы ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

0
1,324

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті. Мұнда Шонжы ауылында жер кезегінде тұрған азаматтарға жер телімдерін беруде сыбайлас жемқорлықты болдырмау және Дардамты ауылдық округіне қарасты Добын ауылындағы мектеп ғимаратының күрделі жөндеуі жайындағы мәселелер қаралды.


Отырыстың тізгінін ұстаған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Нұров күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің күн санап күшейіп, оның нәтижелі болып жатқандығын айтып, аталған мәселелер бойынша жемқорлыққа жол бермеу керектігін түсіндірді. Сонан соң сөз кезегін Шонжы ауылдық округінің әкімі Адилжан Қурбаниязовқа берді. Ол Шонжы ауылы бойынша жер кезегінде төрт мыңнан астам адамның тұрғандығын айтып, 174 гектар жер алдағы уақытта кезегі келгендерге берілетіндігін ескертіп, кезекте тұрғандардың санын азайту үшін заң талаптарына сәйкес 8 сотыдан үлестірілсе деген ұсынысын білдірді. Сонымен қатар жер беру кезінде 174 гектардың әр бөлігінен бермей, кезек бойынша реттік нөмір қойып, үлестіруді жөн деп санады. Сонда халықтың арасында дау тумас еді деген ойын жеткізді. Осы мәселе бойынша аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Серік Дүңгешов азаматтарға 8 соты жер үлестірілсе көшенің бұрышындағы жердің одан асып кетуі мүмкін екендігін айтып, қалған жерді мемлекет өзіне алып қалуы керектігін ұсынды. Сонымен қатар азаматтар үйді қызыл кірпішпен, ағашпен (каркас), бетонмен салуға міндетті екендігін түсіндіріп, жер алған адамға үй салуға екі жыл ғана уақыттың берілетіндігін айтты. Бұл мәселені құптаған аудандық «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнет Керімқұлов артылған жерге арнайы конкурс жариялап, кәсіпкерлерге берілуді жөн тауып, екі жылда үй сала алмаған азаматтардың не істеуі керектігін сұрады. Бұл бойынша да заңда жеңілдіктердің бар екендігін ескерткен Шонжы ауылдық округінің әкімі Адилжан Қурбаниязов үй салған азаматтар бірден құжаттарын рәсімдеуі керектігін қосымша түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмеген, құжаттары рәсімделмеген жер телімдерін сатуға азаматтардың құқығы жоқ екендігін ескертті. Бірінші мәселе бойынша ұсыныс-пікірлерді қанағаттанарлық деп таныған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Нұров тиісті қаулы шығарып, оның аудан әкімдігіне жолданатындығын жеткізіп, Добындағы мектеп ғимаратының күрделі жөндеуі жайындағы мәселе бойынша анықтама жасау үшін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ақжол Нұрдәулетке сөз кезегін берді. Ол мемлекет қазынасынан бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы және ғимараттың күрделі жөндеу жұмысының уақтылы әрі сапалы аяқталып, барлық талаптарға сәйкес өткізілуі үшін жоспарға сәйкес кезекті рейд жұмысының жүргізілгендігінен хабар беріп, мердігер компания «Азамат құрылыс» ЖШС білім ордасының күрделі жөндеу жұмысын өз жауапкершілігіне алып, жобалау сметалық құжаттарының талаптарына сәйкес құрылыс жұмысын жасап жатқандығын жеткізді. Күрделі жөндеудің аяқталып, қолданысқа берілу уақыты ағымдағы жылдың 20 тамызына жоспарланған. Жұмыс күші барынша жұмылдырылған және мердігер компания өкілі жаңаша сипаттағы мектеп ғимараты жоспарланған уақытта толықтай қолданысқа берілетіндігіне сендірген көрінеді. Осы мәселеге қосымша түсінік берген аудандық білім бөлімінің басшысы Адилжан Аширов құрылыс барысында кемшіліктердің орын алғандығын, бүгінгі таңда оның қайта қалпына келтірілгендігін айтып, сметалық құжатқа мектептің қазандығы кірмей қалғандығын жеткізді. Бұл өз тарапынан кеткен қателік екендігін де жасырмады. Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің төрағасы Тиләпжан Рахмаев күрделі жөндеу жұмыстарының барысы жайында қосымша сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Ең бастысы аудан тұрғындары үшін жасалып жатқан жұмыстардың барысында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі керектігі отырыста кеңінен қаузалды.

Думан
ТОЙҒАЗЫҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мектеп ашылды

Шонжыда жаңа білім ордасы өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Үш қабатты ғимарат 900 оқушы…