Басты бет Өңір тынысы ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ талқыға түсті

ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ талқыға түсті

0
1,176

    «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ШУХРАТ НУРАХУНОВ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ. БҰҒАН АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚҰРАЛБЕК БЕКМҰХАНБЕТОВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ НҰРӘКІМ ЕСЖАН, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ МӘУЛЕН НҰРОВ ҚАТЫСТЫ. МҰНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛЫП, ШЕШІМІН ТАПҚАНДАЙ БОЛДЫ.


Қоғамдық қабылдауға бірінші болып кірген Тоғызбұлақ учаскесінің тұрғыны Шамшарқан Қазабекова «Қалжат» тасжолының бойынан «Қымызхана» ашып, кәсіппен айналысқысы келетінін айтып, аудан әкімдігі тарапынан 20 гектар жер алуға көмек көрсетілсе деген мәселесін ортаға салды. Заң талаптары бойынша түсінік беріп, жер телімдерінің конкурс арқылы жүргізілетіндігін ескерткен аудан әкімінің орынбасары Құралбек Бекмұханбетов кәсіп ашуға гектарлап жердің берілмейтіндігін, алайда құжаттарды әзірлеп, арнайы орындарға өтініштердің жазылуы керектігін түсіндірді. Ал Шонжы ауылының тұрғындары Жанат Ибадиева мен Г.Ташкожаева тұрғын үй алуға әкімдік тарапынан қандай да бір көмек көрсетілуін сұрады. Аталған екі азаматшаның бірі бес, екіншісі жеті баланың анасы көрінеді. Тұрғын үй кезегіне тұрған. Бірақ кезектің жылжымауына байланысты көмек көрсетуді сұрап отыр. Бүгінгі таңда екі ана да жұмыссыз және пәтер жалдап тұрады. Оларға тұрғын үй кезегі бойынша атқарылатын жұмыстарды заң жүзінде түсіндірген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Шухрат Нурахунов арыз айтушылардың мамандығының бар-жоқтығы жайында ақпарат алғаннан соң, тұрақты жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілетіндігін айтып, тұрғын үйдің кезексіз берілмейтіндігін ескертті. Қоғамдық қабылдауға келгендер мәселелерінің шешімін толықтай таба алмаса да, заң жүзінде түсінік алып қайтты.

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мектеп ашылды

Шонжыда жаңа білім ордасы өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Үш қабатты ғимарат 900 оқушы…