Басты бет Рухани жаңғыру АҒА ҰРПАҚТЫҢ еңбек жолы – жастарға үлгі

АҒА ҰРПАҚТЫҢ еңбек жолы – жастарға үлгі

0
1,319

Ел Президен­тінің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарла­малық мақа­ла­сын зер сала оқыған адам оның қаншалықты маңызды, қажетті екендігін ұғынады. Елбасымыздың елдің бүгіні мен болашағы туралы ой толғамы кез келген адамды елең еткізеді. Отанға, елге, ұлттық құндылық­тарға деген сүйіспеншілігі сүйсінтеді. 


Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғыртуға арналған бұл мақаласы әр шаңырақта ереже сияқты сақталуы тиіс болар. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеріп, озық стратегиялармен жарақтануымыз керек. Бодандықтағы ел бәріне мойынсынуы, көндігуі, ассимиля­цияға ұшырап, жойылып кетуі мүмкін. Тәуелсіз елге ешқашан ертеңге енжарлық танытуға, саяси және экономикалық өмірге селқос қарауға болмайды.
«Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады» деген Н.Назарбаев алдағы онжылдықтардың ұранына «реализм мен прагматизмді» ұсынады. «Жалғандық жарға жығады» дейді қазақ даналығы. Біз – бабалар батасы дарыған, ата аманатын аялаған елміз. Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік жылдары қоғамды бос демагогия дертінен арылтуға күш салды. Оның орнына елді өркендетер түбегейлі жаңаруларға жұмылдырды. Міне, рухани жаңғыруға бағытталған бағдарламаның басты мақсаты ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-баба аманатына қиянат жасамау.
Біз ұлтымыз бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық елге айналамыз. Әр кезеңнің, әр өңірдің өзіне лайық, қарапайым қызметте жүріп-ақ өз ісімен көпке үлгі бола алатын бейнеткеш тұлғалары болады. Халқына қисапсыз қызмет көрсетуде ел мерейін өсірген ондай азаматтар арамызда аз емес. Солардың бірі ауылдасымыз – Сырым Жомартұлы. Ол ат жалын тартып мінген балағат жасынан бүгінгі еңсесі биік, өр тұлғалы ғұмырына дейін талай белестерден өтіп, асулардан асып, қазіргі таңда ірі шаруа қожалығына төрағалық етуде. Ол өз қатарластарының алдында зердесі биік зеректігімен, ана сүтімен берілген еңбексүйгіштігімен танылған тұлға. Анасы Күлхан апа өнегелі ісімен өз биігін қалыптастырған, есімі аудан жұртшылығына таныс ақ самайлы әже еді. Әжеміз жарғақ құлағы жастыққа тимей, әрине өзінің отбасы, бала-шағасы үшін, сонымен бірге елі үшін де абыройлы еңбек етіп, есімі жұрт жадында сақталды. Күлхан апаның шаруаға ептілігі, құлқын сәріден ерінбей егіс басына кетуі, сиырларын сауып, оның сүті, ірімшігі, құртын өз бала-шағасына, артылғанын саудаға шығарып, нарықтың нағыз көзін тапқан көрегендігін айтпасқа болмас. Ал енді сөйлеу өнері, шешендігі дүйім жұртты аузына қарата алатын қасиеті бір төбе. Осындай анадан еңбекқор, ізденімпаз Сырымдай азаматтың туылуы заңдылық та болар. Бойындағы ізгі қасиеттерін ана сүтімен ұлының бойына сіңірген шешейдің ортамызда болмағаны өкінішті. Адамгершілігі мол, қарапайымдылығы басым Сырым Жомартұлы бүгінде еліне сыйлы азамат. Әкенің қанымен, ананың сүтімен бойына дарыған қабілеті оны талай биіктерге шығарды.
Ауылшаруашылығының біздің өмірімізде алатын өмірі ерекше. Ол экономиканың ғана емес, саяси тұрақтылықтың, байлық пен берекенің айнасы. Елбасының көреген саясатының арқасында бұл сала жақсы өркендеді. Ауыл тұрғындарының әл-ауқаты артты. Елбасының тапсырмасын орындау – ел тұрмысын жақсарту деп білеміз. Біздің ауыл еңбекқор, шаруақор, өнерлі адамдарымен мақтана алады. Иә, жиырма жылдай өмірін ауылшаруашылық саласына арнаған Сырым Жомартұлының еңбек жолы үлгі мен өнегеге толы деуге болады. Жалпы аудан бойынша оның тіршілігін өзгелерге өнеге етуге тұрарлық. Оның басшылығындағы «С.Абылай» шаруа қожалығында 18 әртүрлі техникасы жүгерісі мен жоңышқасын егіп, жиып, теруге жарап тұр. 284 гектар жерде жүгері, 150 гектар жерде жоңышқасы жайқалып, өз малының жем-шөбін ақтаса, артылғаны көршілердің қажеттілігін қамтамасыз етуге жетеді. Бүгінде 625 ірі қара, 200 бас жылқы, одан басқа ұсақ малдары тек Сырымның ғана отбасы тұрмысын жақсартып қана қоймай, ауылдағы 12 отбасы мүшелерін да асырап отыр. Шамасы жеткен шаруадан ешқашан бас тартқан емес. Әсіресе қайырымдылық шараларға белсене атсалысып, жетім-жесірге қол ұшын беріп, ауылдың көркеюіне бір кісідей-ақ көмектесуде. Оның көп жылғы тынымсыз еңбегі елеусіз қалған емес. Ол әр кездері ауыл шаруашылығы саласында абыройлы жұмыстары үшін облыс, аудан әкімінің громаталарымен, «Қазақстан Республикасының 25 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған. Жан жары Гүлнар Бавдинова екеуі 5 ұлды тәрбиелеп, олардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, рухани жан дүниелерінің тазалығы жолындағы ата-аналық борыштарын адал атқарып отырғандығы балаларының білімі мен тәрбиесінен байқалады. Туған жеріне туын тігіп, ұрпағының бойына Отанға деген сүйіспеншілікті құйып, еліне құрмет көрсетіп жүрген Сырымдай азаматымызбен мақтанамыз.

Болат АЛҒАЗИЕВ,
Шарын ауылдық округінің әкімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…