Басты бет Рухани жаңғыру ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

0
1,352

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы –белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы болып табылады. «Отан отбасынан басталады» деген ата-бабалардан қалған қасиетті сөздің мән-мағынасы өте тереңде жатыр емес пе?! Тереңірек үңіліп, ақылмен ойланып қарайтын болсақ, әрбір отбасы өз алдына жеке бір Отан. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі мен бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның жүрегінде жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасының басты қызметі – баланы тәрбиелеу. Жеке адамның бойындағы ар-ұятты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Әрбір отбасы және отбасы мүшелері араласатын үлкен қоғамдық топ – отбасының туған халқы, сол мемлекетте тұратын өзге де халықтар, түрлі ұлт өкілдері. Шағын мемлекет отбасы оның мүшелері әрбір адам үшін ең үлкен қоғам – жер бетінде өмір сүретін бүкіл адамзат болып есептеледі. Демек жеке отбасы мемлекеттің ғана емес тұтас адамзаттың бір бөлшегі. Үлгілі де өнегелі отбасы өзі жасайтын мемлекетінің ғана дамуына үлес қосып қана қоймайды, барлық адам баласының өркендеуіне, өркениетіне өзіндік ықпалын тигізеді.
Осыған дәлел ретінде ауылымыздың үлгі тұтар отбасының бірі – Жуллаевтарды айтқым келеді. Отағасы Қорғасбай ағамыз бен отанасы Туран тәте бес бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере мен шөбере сүйіп отыр. Балаларының бәрі жоғарғы білімді, мамандықтарына сай қызметтерін атқарып жүр. Жуллаев Қорғасбай аға ауылдың әлеуметтік -экономикалық дамуына өз үлесін қосып, жеке шаруа қожалығын құрып, егін шаруашылығымен және абрикос көшеттерін отырғызып қажырлы еңбек етіп, Бахар ауылының өсіп өркендеуіне үлкен үлес қосып келеді. Сонымен қатар шаруа қожалығының төрағасы болып жұмыс атқарып қана қоймай ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің мүшесі, ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, өзінің өмірлік іс-тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ақылын айтып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып отырады. Отанасы Өтегенова Туран 38 жыл шәкірт тәрбиелеп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып ауылға сыйлы, көкірек көңілі ояу, қарапайым, жастарға ақылшы адам ретінде ауылымызға танымал. Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету әрбір азаматтың міндеті деп санайды. Мектепте алғаш тарихи, мәдени, ұлттық көрме ашқан жан. Әр баланың бойына өз ұлтының құндылықтарын, қасиеттерін сіңдіруден еш жалыққан емес. Туран апайдың ұлттық тарихи мұрамызды дәріптеп, салт-дәстүр заңдылығын сақтауда атқарған жұмысы ұшан-теңіз Отбасында орнаған береке-бірлік, татулық, сыйластықтың Отанымыздың кемелденіп өсу жолында алар орны ерекше.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» демекші, сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған қателескен кездегі қателігімізді түсініп кешіре білген, дер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке – шешеміз. Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан көрінетін Жуллаевтар отбасы бәрімізге өнеге. Рухани құндылықтарын ұрпағына жеткізіп отырған осындай жанұялар ауылымызда көбейсе екен деймін.

Қадіржан БАҒБАЕВ,
Бахар ауылдық окргінің әкімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…