Басты бет Рухани жаңғыру Туған елге көмек

Туған елге көмек

0
29

Аудандық кітапхананың оқырмандар залы соңғы кезде әртүрлі кездесулер мен басқосулардың орталығы, сұхбаттасу алаңына айналғаны риясыз шындық. Бүгінгі ауыл әкімдері мен кәсіпкерлердің басын қосқан жиын да үлкен бір бастамадан хабар бергендей. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ішіндегі «Туған жер» бағдарламасы аясында «Туған елге көмек» атты форум мемлекеттік Гимнмен ашылды.

Форум тізгінін қолына алған Еркебұланның туған жер, туған елдің ұлылығы, қасиеті, қадірі жайлы айтқан сұлу сөздері, елім деп еміреніп, жерім деп тебіренген жерлестердің атына қаратыла айтылған ризашылық лебіздері елең еткізді. Ауданнан шыққан қолы жомарт, жүрегі жылулыққа толы азаматтардың еңбектері аталды. Аудан әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбаев құттықтау сөзге шығып, кәсіпкерлердің атқарған жұмыстарын, қол жеткізген табыстарын, туған өлкесіне жасаған қайырымдылықтарын, жақсылықтарын тізбеледі. Былтырғы жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аудан тұрғындарының зор ықыласына ие болғандығын, шын мәнінде рухани жан дүниеміздің, ұлттық құндылықтарымыздың жаңғыруы үшін жасалған бұл бағдарламаның маңызы жайлы айта келе, ауданнан шыққан, жалпы республикаға танымал тұлғалар белгілі ақын, драматург Нұрлан Оразалин, қоғам қайраткерлері Асылы Осман, Ахметжан Ашири, Камал Бурханов, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовтің аудан халқымен өткен кездесулерін рухани жаңғырудың шыңына балады.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағдарламасы бойынша ауданның «100 жаңа есімі» тізімі дайындалғандығын, оған 4 адамның тізімі жолданғандығын айтты.
Ауданнан шыққан талантты өнерпаздар Бекжан Тұрыс, Бақыт Беделхан, Жарас Сарсектердің «Туған жердегі тағлымды кеш» атты шығармашылық кештері, жас өнерпаз Әсет Есжанның қайырымдылық концерттері де осы бағдарлама аясындағы шаралар екендігін тәптіштеді. Ауданымыздың көркеюіне, абаттануына бастама көтеріп, мәдениет нысандарын жақсартуға, жастар саябақтарын салуға ауданнан шыққан біраз жомарт жүрек ағайындарға алғысын айтып, қайырымдылық жасаған үш азаматқа аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Қырғызсай ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жәнәбіл Смадиев, Бахар ауылдық округінің әкімі Қадіржан Бағыбаев, Кіші Дихан ауылдық клубының меңгерушісі Мунира Мейдиновалар өз ауылдарындағы кәсіпкерлердің қолымен жүзеге асқан шаруалары жайлы әңгімеледі. Аудандық мәдениет үйі жанындағы «Жазерке», «Арзу» ансамбльдерінің өнерпаздары әннен шашу шашты.
Форумның басты мақсаты – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлттық салт-дәстүріміз бен төл мәдениетімізді жаңғыртып, өскелең ұрпақтың бойына еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті сіңіру, қолында бар азаматтардың туған еліне көрсетер көмегі көп боларына сену, соған үндеу.

Баян
МАМЫРБАЕВА 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АҒА ҰРПАҚТЫҢ еңбек жолы – жастарға үлгі

Ел Президен­тінің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарла­малық мақа­ла­сын зер …