Басты бет Рухани жаңғыру РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ – ДАРА ЖОЛЫ!

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ – ДАРА ЖОЛЫ!

0
2,111

Қазіргі уақытта ерекше талқылауға ие болып жатқан ұғым – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы. Рухани жаңғыру біз үшін өзіміздің ұлттық дәстүрлерімізге бет бұрып, ұлттық даму жолына түсуі деп білемін. Рухани жаңғыру кезінде ең алдымен біз елін, жерін, халқын шын сүйетін ұрпақ тәрбелейміз десек, алдымен тарихи санамызды жаңғыртуымыз керек. Біздің жас ұрпақ алдымен осы елдің, осы кең байтақ жердің қалай иеленгенін, қанша қан төгілгенін, мұндай даланы ата-бабаларымыз қалай сақтап қалғанын, хандарымыз бен билеріміздің қалай күрескенін білуі керек. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық. Рухани жаңғыру тұсында «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түседі. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әр бірінен хабардар болуы тиіс. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі. Сонда ғана біз ұлт болып рухани жаңғыра аламыз. Жастардың рухы биіктеп, бәсекеге қабілеттілігі артып, өнері өрлеп, білімді, кеңпейіл жастар арасында қоғам құра алсақ, онда рухани жаңғырғанымызды еліміздің әрбір азаматы сезіне алады. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Өмір сүру үшін өзгере білу керек.
Р.КАСИМОВА,
Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…