Басты бет Рухани жаңғыру Ұлттық құндылықтар Ұлтқа қызмет етсін

Ұлттық құндылықтар Ұлтқа қызмет етсін

0
68

Аудандық кітапханада жақсылар мен жайсаңдар бас қосқан келелі жиын өтті. Ауыл ақсақалдары мен қоғамдық ұйым мүшелерін жиған басқосуды Шонжы ауылдық округі әкімінің орынбасары Тимур Тойшыбеков жүргізді. Ол ең алдымен облыстан ат терлетіп келген қонақтармен таныстырды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Қазақстан халқына ортақ құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этикасын дәріптеуге арналған «Қазақтану» жобасымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай таныстырды. Өзін қазақстандықпын деп танитын әрбір азамат қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін білуі шарт екенін айтқан ол, қазақ халқының тамыры тереңде жатқан әдеп-ғұрыптарын насихаттап, бүгінгі жас ұрпаққа жеткізу аға буынның мойнындағы міндеті екенін, болашағымыздың кемел болуы үшін өткенімізді ұмыт қалдырмай, жаңғыртып отыруымыз керектігін ескертті.
Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов ұлттар арасындағы татулықты сөз етсе, облыстық аналар кеңесінің төрайымы, «Айналайын» балалар үйінің директоры, 500 баланың анасы Несіпжамал Баймадиева қазақ халқының тарихында жетім мен жесір болмағанын негізге ала отырып, еліміздің бүгінде ажырасу ісі бойынша 9-шы орында екенін өкінішті жағдай деп танып, осы тұрғыдағы ойын жеткізді.
Сарқан аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күлшарбан Мырзабайқызы өз ауданында жүзеге асып жатқан жайттарға тоқталып, нақты мысалдар келтірді. Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қалабай Мерейімов пен «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнет Керімқұлов татулық пен ауызбіршіліктің жарқын болашаққа жетелері анық екенін аудандағы екі ұлт арасындағы құда-жекжаттық, туыстық қарым-қатынастағы берекелі өмірлерін баяндады. Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жеңіс Тойшыбеков ұйғыр ұлтындағы жақсы бастамалардың бірі жігітбасыларының атқарып жатқан жұмыстары, жалпы олардың қоғамдағы миссиялары туралы айтып, арнайы ауданға ат басын бұрып келген қонақтарға, облыстық «Достық» үйі жанындағы славян, корей, түрік, шешен ұлттық орталықтарының өкілдеріне алғысын жеткізді.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, «Қазақтану» жобасының мақсаты мен мәнін түсіндірген облыстық Ассамблея мүшелерінің жұмысына біз де табыс тіледік.

Ынтызар СЕРІКҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СӘККИЗ ҚИРЛИҚ, БИР СИРЛИҚ ИНСАН

«Айрилсамму силәр кәби яхшилардин, Айрилмидим силәр ейтқан нахшилардин», дәп шаирә Патигүл…