Басты бет Басты ақпарат ЕЛІНЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕНДЕР

ЕЛІНЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕНДЕР

0
3,941

  Еліміздің жанданып дамуында, қарқынды түрде гүлденіп өсуінде маңызды рөл атқарып  отырған салалардың бірегейі мемлекеттік қызметкерлер мен Қазақстан полициясының құрылған күніне орай мәдениет үйінде аудан әкімі Шухрат Нурахуновтың қатысуымен мерекелік  шара өтті. 


Құттықтау сөз алған аудан басшысы мемлекеттік қызметтің – барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөл атқаратынын, мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі екендігін, сондай-ақ кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін еместігін, билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталатынын айтып, ауқымды реформаларды іске асыруда мемлекеттік аппараттың маңызын жеткізді. Жұмыр бастарын қатерге тігіп, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аянбай тер төгіп жүрген полиция қызметкерлерінің жұмысын ерен еңбекке балады. Ауданымыздың дамуына елеулі үлестерін қосқан зейнеткер мемлекеттік қызметшілерді де атап өтіп, қазіргі таңда осы салада көш бастаған бірқатар азаматтарға алғыс хаттарын табыстады. Сонан соң аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, подполковник Шыңғысхан Сабуров қызметкерлерін қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін мараппаттап, алғыс хаттар мен сыйлықтарын табыстады. Мерекелік шара аясында жиналғандарға аудандық мәдениет үйі мамандары «Жазерке» мен «Арзу» халықтық ән-би ансамбльдерінің өнерпаздары өнерлерімен шашу шашты. Арнайы дайындалған бейнероликте жиналған қауымның көңілдерінен шықты.
Шындығында үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық иелерінің жұмысы тау-толағай. Әрбір ісі тиянақтылықты, асқан төзімділікті, үлкен күш-жігерді қажетсінеді. Мемлекеттік қызметтің миссиясы – халыққа адал қызмет ету екендігін ескерсек, әр адамның көңілінен шығып, мәселесін шешіп отыру оңай іс емес. Бәсекеге қабілетті мемлекет болу жолында мемлекеттік қызметшілердің атқарар міндеттері зор. Еліміздің даму жолында елге өнеге көрсете білу мемлекеттік қызметкерлерден бастау алатыны хақ. Қазақстанымыздың жұлдыздай жарқырап, биіктерден көрінгені, халықтың мемлекетке деген сенімі мемлекеттік қызметшілердің қалтқысыз қызмет еткендігінің белгісі.
Күн-түн демей қиындық пен қызыққа толы жұмыс атқарып, қарапайым халықтың тыныштығы мен бостандығы үшін жұмыс жасап, жәбір көрген адамның жанына медеу болып, құқығының тапталмауын қадағалап, ардан аттамай, қызмет еткен ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің еңбегі қандай құрметке де лайықты. Олардың арқасында елімізде тәртіп бұзушылық азайып, қылмыскерлер тиісті жазасын алып жатыр. Тұрғындарымыздың тыныш ұйқысын қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшылары мен мемлекеттік қызметшілерге арналғане мерейлі мерекеде ақжарма тілектер шын ниетпен ақтарылды. Жиын соңында аудан басшылары зейнеткер азаматтармен естелік суретке түсті.

Ынтызар БЕРЕНБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан з…