Басты бет Өңір тынысы Кетпендегі келеңсіздіктер жойылды

Кетпендегі келеңсіздіктер жойылды

0
2,891

«Аты жоқ ауыл» деген атпен шыққан мақаланың «кейіпкеріне» айналған Кетпен ауылдық округі де өз кемшіліктерін газет бетінен көрген соң бірден оны түзеткендерін айтып хабар жіберді. Ауыл әкімі Берік Шаймухаев тұрғындардың күшімен, өздерінің ұйымдастыруымен ең алдымен ауылдың аты жаңартылып жазылғандығын, кеңсе ішіндегі қызметкерлер кабинеттерінің атқаратын лауазымдары мен аты-жөндері де қалыпқа келтірілгені, «Илияр» балабақшасының атауы да заң талабына сай түзетілгендігін баяндады. Ауылдың айналасын төмпешікке айналдырған күл-қоқыстың тиісті орындарға шығарылғандығын да айтты. Ауыл әкіміне сенбеске лажымыз жоқ. Бастысы сыннан тиісті қорытынды шыққандығына өзіміз бек қуаныштымыз.
Ауылды тазалауды күнделікті әдетке айналдыратын мезгіл келсе ғой. Таңертең көп болса жарты сағат уақыттарын жоғалтар тұрғындар. Әркім есігінің алдын сыпырғанда көшесін де тазалай салса ештеңелері кетпейді. Сондай әдетті қанға сіңіріп, санаға орнықтыру үшін қандай да бір «ем» тапсақ нұр үстіне нұр болмақ. Таза, сұлу, көркем жерде кім өмір сүргісі келмейді. Бәрі де. Сондықтан ауылдың тазалық жұмыстарын біреудің түртпегімен, айтағымен емес, әр адам өз түсінігімен жүзеге асырса деген ниет қана біздікі. Шонжының көшелерін тазалау жақсы әдетке айналған, әркім өзіне бөлінген учаскесін сенбі күндері бір сағат уақыттарын қиып тазалай салатын болғанбыз. Сол үрдіс жалғасын тапса деген үлкен үміт те жоқ емес. Қалай болғанда да ауылдың ажары оның азаматтарына сын. Ал әкімдер таңертеңмен ауылдарын жаяу аралайтын жақсы дәстүр қалыптастырса ғой деген арманмен ойымызды түйіндесек.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мектеп ашылды

Шонжыда жаңа білім ордасы өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Үш қабатты ғимарат 900 оқушы…