Басты бет Спорт САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САҚТАДЫ

САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САҚТАДЫ

0
7,489

Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады. Ал елдің экономикалық ілгерілеуі мен табысты болуының негізінде мемлекеттік қызметкерлер өз үлестерін қосып келеді. Олар бұл ретте жұмыстарына адалдық танытып, қараша халықтың жағдайын жақсартуда, Елбасының салиқалы саясатын жүзеге асыруда бойларындағы күш жігерлерін сарп етіп жүр.
Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет органдарына – 20 жыл. Осыған орай аудандағы мемлекеттік қызметкерлер арасында Шонжы ауылының көшелерінде велошеру өтті. Шонжы ауылдық округі әкімдігі ғимараты жанынан басталған велошеруге қатысқандар Кинтал Исламов көшесінің бойымен жоғары көтеріліп, Қалжат тас жолымен Шонжының батыс жағындағы айналымға барып, Ашим Арзиев көшесімен жүріп өтті. Бұған аудандық ішкі істер бөлімінің жол патрульдік полициясы, аудандық орталық аурухананың жедел жәрдем бөлімі де қатысты. Спорт – денсаулық кепілі екендігі ақиқат. Бұл ретте мемлекеттік қызметкерлер өздерінің саламатты өмір салтына жақын екендіктерін дәлелдеді. Велошеру аяқталғаннан кейін Райымбек ауданындағы әріптестерін бейнеролик арқылы мерекелерімен құттықтап, велошеру өткізуге сәттілік тіледі.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТ ҮСТІНДЕ АТОЙЛАҒАН ЖІГІТТЕР

Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ а…