Басты бет Басты ақпарат ТАБЫСҚА БАСТАР ЖОЛ

ТАБЫСҚА БАСТАР ЖОЛ

0
1,370

«АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ «НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ 2017-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН» ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСТАРДЫ АТҚАРУДА.


Бұл жоба 2017 жылдан бастап 14 облыстың 80 ауданында жүзеге асып келеді. Бағдарламаның мақсаты – ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына, соның ішінде ауылшаруашылық кооперативтерін құру принциптеріне оқытуға, сондай-ақ бизнес-жобаларды сүйемелдеуге бағытталған. Ауыл тұрғындарын жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді (тіркелген уақыты 3 жылдан аспауы тиіс) оқуға шақырады. Оқу ұзақтығы – бір ай, бағдарламаға қатысушыларға 17 мың теңгенің төңірегінде шәкіртақы төленеді. Үміткерлер өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына, тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына, ауылдық округ немесе елді мекен әкімдігіне барып өтініш пен сауалнама толтырады.
Осы қарқындағы жұмыстар ауданымызда да қолға алынған. Жақында №4 Шонжы орта мектебінде «бастау бизнес» жобасына байланысты жиын ұйымдастырылып, оған аудан әкімі Шухрат Нурахунов, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Муслим Амангелді, аудандық маслихаттың депутаты Жамал Оқаева және бағдарламаға қатысушылар қатысты. Алғаш болып сөз бастаған Жамал Оқаева бас қосудың маңыздылығы, бағдарламаның мақсаты және жүзеге асырылуы жайында сөз қозғап, «Бастау бизнес» жобасы бойыншы тест тапсыруға келген үміткерлерге сәттілік тіледі. Сонан соң сөз кезегін алған аудан әкімі Шухрат Турдахунұлы жұмыс жасауға ынтасы бар азаматтарға үкімет әрқашан көмектесетіндігін айта келе, өткен жылы «Бастау бизнес» жобасымен білім алғандардың бүгінде өз кәсібін домалатып, табысқа кенелгендігін айтты. Сондай-ақ бүгінде еңбексүйгіштігінің нәтижесінде 50 орынды балабақшасын жұмысқа қосып, 20 адамға жұмыс беріп, еңбегінің жемісін көрген Жамал Оқаеваның ерлігін басқаларға үлгі етіп, кәсіпкерлік жолына бет алған азаматтарға ақ жол және мол табыс тіледі.
Аудан әкімінің сөзінен кейін Муслим Амангелді бағдарлама туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Бағдарламаға қатысушыларға оқу аяқталғаннан кейін арнайы сертификат берілетіндігін ұқтырды. Сонан соң ауданымыздың әр ауылынан жиналған 80 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша тест тапсырып, 67 адам тестен өтіп, «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқуға жолдама алды.

С.ӘНВӘРОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан з…