Басты бет Спорт Жеңісті күндер көп болсын

Жеңісті күндер көп болсын

0
2,344

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің таэквандошы жастарының биылғы жеңісті жекпе-жектері молынан болды. Олар ауданның намысын еліміздің бірқатар өңірінде қорғап, өздерін жас болса да спорттың нағыз майталманы екендіктерін дәлелдеп келеді. Жас таэквандошылар Саян Байбөриев, Данил Ахарцов, Ерсұлтан Сұңқарбаев, Темірлан Бағдәулет сәуір айының басында Тараз қаласында өткен додада тағы да топ жарып, жүлделі орынмен ауданға оралды. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовты еске алуға арналған таэквандодан өткен республикалық турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықтылар жиналған. Мыңдаған спортшыларды басып озып, ұпай санымен алға шыққан азаматтары-мыздың барлығы үшінші орынды иеленген. Шәкірттерінің топ жарып, жеңіске жеткеніне жаттықтырушы Мэлс Құлшаров дән риза. Сонымен қатар турнирге бару үшін демеушілік танытып, балаларының жеңісін тілеген ата-аналарға да алғысы шексіз. Тек жеңіс жолымен жүйіткіп келе жатқан шәкірттерінен алдағы уақытта зор үміт күтеді. Ендеше жеңістерімен айналасындағыларды қуантып, шаттыққа бөлеп жүрген жастарымыздың бағындырар белестері мен алатын асулары молынан болсын дейміз.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТ ҮСТІНДЕ АТОЙЛАҒАН ЖІГІТТЕР

Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ а…