Басты бет Рухани жаңғыру Құлақтан кіріп, бойды алған

Құлақтан кіріп, бойды алған

0
1,746

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «ЖАЗЕРКЕ» ХАЛЫҚТЫҚ ҰЛТ-АСПАПТАР АНСАМБЛІНІҢ «ӨНЕРІМ – ӨРІСІМ, САЛТ-ДӘСТҮР – ЖЕМІСІМ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ. КОНЦЕРТКЕ ШОНЖЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ, АУДАНДАҒЫ БӨЛІМ, МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӨПТЕП ЖИНАЛҒАН.


Сонау қазақ халқының өткені мен кеткені жайында қойылған сахналық көрініс тарихымыздан сыр шертті. Құлақтан кіріп, бойды алған әсем әндері мен тәтті күйлерін орындаған әншілер мен күйшілер, мың бұрала билеген бишілер көрермендерінің қошеметіне бөленді. Халық әндерінен және күйлерінен құралған поппурилер де өзіндік ерекшелікке ие болды. Әр мерекелік шараларда, жиындарда аудан халқын өнерімен тамсандырып жүрген «Жазерке» ансамблінің бұл шығармашылық концерті бұрынғыдан өзгеше. Эстарада жанрында орындаған әндері жастарды дүр сілкіндірсе, өзге халықтардың дәстүрлі билерін орындаған бишілерге де айтарлықтай қошемет көрсетілді. Концерт соңында ең алдымен елі мен жұртына алғысын айтып, ризашылығын білдірген ансамбль жетекшісі Әлия Жанбаева көрермендеріне деген ақжарма тілегін жеткізіп, бас иді. Ал аудан әкімі Шухрат Нурахунов өнерлерінің өрге жүзуін тілеп, ауданның мәдениетін өркендетуде әлі талай жұмыстар атқаратындығына сенім білдіріп, ансамбльге сый-сияпатын табыс етсе, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрәкім Есжан «Жазерке» ансамблінің құрылуы, онда еңбегімен елді елең еткізген қызметкерлер жайында сөз қозғап, жылы лебізін жолдады. Концерттен рухани азық алған көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…