Басты бет Рухани жаңғыру ӨЛМЕС ЖЫРЛАРЫМЕН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН

ӨЛМЕС ЖЫРЛАРЫМЕН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН

0
1,312

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы әр жүрекке рухани азық болар мәнділігімен насихатталып жатыр. Шын мәнінде адамның жан дүниесі тазаланбай, байымай оның биік рухы жандануы, жаңғыруы неғайбыл. Тасқарасу орта мектебі жанындағы кітапхана қызметкерлері Перизат Зиядаева мен Раушан Байбариеваның ұйымдастыруымен ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мәңгі өлмес жырларымен із қалдырған» атты тақырыпта оқырмандар арасында мәнерлеп өлең оқу сайысы өтті. Мұқағалидың өлеңін жатқа білмейтін жан кемде кем болар. Бұл жолы да ауылдастар Мұқағалидың шығармашылығынан хабарлары молдығын көрсетті. Бірінші кезеңде өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша бақтарын сынаса, екінші кезеңде М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берілді. Өлеңдері арқылы бүгінгі ұрпақпен құрдас болып жасасып келе жатқан М.Мақатаевтың ғасырда бір-ақ рет туылатын нағыз ақын екендігін көпшілік мойындап қойған. Сондықтан оның кез келген өлеңі әр жүрекке жеңіл, жылы жетіп жататыны. Сондықтан оның өлеңдері мәңгі.
Ауылымыздың ақыны Әбдіғали Асанғожаев төрағалық еткен жарыстың қорытындысында ең үздіктер бағаланды. Ақын ағамыз өзінің жырларын тарту етіп, Мұқағали өлеңдерін де жатқа оқыды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталып, өлмес жырлардың мәңгілігін тағы бір рет дәлелдеді. Кітап – жан азығы. Олай болса жақсы жазылған шығармалардан, мәңгілік өлмес өлеңдерден азықтаналық. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған мәнерлеп оқу сайысы діттеген мақсатына жетті. Осындай рухани дем беретін кездесулер көп болғай.

Толғанай КАЛИМЖАНОВА,
Тасқарасу орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…