Басты бет Рухани жаңғыру Барлығымыз бірдейміз, кемсітуді білмейміз

Барлығымыз бірдейміз, кемсітуді білмейміз

0
1,687

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында алты бағытымыз айқын көрсетілген. Соның «Білімнің салтанат құруы» атты бағытында болашақтың көзі, жастардың негізгі мақсаты ретінде – бәсекеге қабілетті бола отырып,білімге табанды болуды бағыттайды. Сонымен қатар Елбасымыз «Болашақ – жастардың қолында!», «Бүгінгі жастар – ертеңгі кемел болашақ!» деп айтып өткендей, ауыл мектептерінен жиналған ерекше оқушылардың болашаққа бағытталған, ерекше дарыны мен білімін, өнерін ортада саралайтын шара аудандық мәдениет үйінде өтті.


Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың шығармашылығын шыңдау мақсатында ұйымдастырылған «BI Жұлдыз-ай» байқауына аудандағы барлық мектептен жас өнерпаздар жиналды. Тартысты дода басталмас бұрын өткен жылғы Республикалық «Жұлдыз-ай» фестивалінің жеңімпазы атанған Ардолайты орта мектебінің 9 сынып оқушысы Анелья Нуршаеваның биін байқауға қатысушылар тамашалады. Сонан соң кезекпен шыққан жас дарындар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендер мен әділқазылар алқасының қошеметіне бөленді. Олардың бірі мың бұрала би билесе, екіншісі әсем әндерін тамылжыта орындады. «Ілім – іштегі нұр, өнер сыртқа салынған түр» деп аталған кезеңде қатысушылар өздерінің өнерлерін басқа жағынан да көрсетті. Өмірде өздерінің орыны бар екендіктерін және қоғамнан ойып тұрып орын ала алатындықтарын да байқау барысында дәлелдеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғаммен байланыс орнатуға деген құлшыныстарын көріп, біз де риза болдық. Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта да көптеген байқаудың жеңімпаздары болатындығына, орындаушылық шеберлігімен, талғампаздығымен үлкен табыстарға жететіндігіне сенімдіміз. Байқау қорытындысында қатысушыларға ақ тілегін жолдап, алғысын айтқан аудандық мәслихаттың депутаты Жамал Оқаева оларға мақтау қағазы мен сыйлықтарын табыс етіп, әр уақытта жеңіске жетулеріне тілектес екендігін айтты. Жүздеріне қуаныш, бойларына шаттық орнаған балғындар тамаша көңіл-күймен тарасты.
Аталмыш байқауға демеуші болған аудан азаматтарына, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Кәрібай Қожағұлға, аудандық білім бөлімінің басшысы Адилжан Ашировке, «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнет Керімқұловқа, жеке кәсіпкер Нурнисам Рахметжановаға және аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Нұрсұлтан Болатұлына алғысымызды білдіреміз.

Назерке МУСТАПАЕВА,
аудандық білім бөлімінің әдіскері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…