ТАСҚАРАСУ

0
4,069

ГАЗЕТІМІЗДІҢ ӨТКЕН САНЫНДА АВАТ АУЫЛЫНДАҒЫ БІРҚАТАР КЕМШІЛІКТЕРДІ, КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ ҚАТЕЛІКТЕРДІ ЖІПКЕ ТІЗГЕН БОЛАТЫНБЫЗ. АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒАН КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫ ТАСҚАРАСУ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ. ТАСҚАРАСУҒА ТАБАН ТІРЕГЕННЕН-АҚ КӨҢІЛІМІЗ КҮПТІ БОЛДЫ. ЕНДІ РЕТ-РЕТІМЕН БАЯНДАЙЫҚ.

АУЫЛДЫҢ АЖАРЫ ҚАШҚАН
Бұлай деуімізге себеп көп. Кіре берістегі арканың темірі тесіліп, сыры көшіп, сұрқы кеткен. Көрер көзге түрпідей тисе де, осы уақытқа дейін ауыстырылып, жөнделмегеніне жөн болсын. Айналаның бәрі күл-қоқыс. Ауылдың шеті де, көшелер де аяқ алып жүргісіз қоқысқа толған. Аудан әкімдігінің алқа мәжілісінде «30 тонна қоқыс шығардық» деп ауыз толтырып сөйлеген ауыл әкімінің сөзіне сенерімізді, сенбесімізді білмедік. Қағаз жүзінде мінсіз баяндаманың іс жүзіндегі сыйқы өзгеше. Көктем, күз айларында облыс, аудан көлемінде тазалық айлықтары өтеді. Өзге үшін емес, өзіміз үшін ауылымызды, көшемізді тазалаймыз. Тазалықтың денсаулық кепілі екенін ескерсек, зиянды қоқыстардың ауыл ішінде бей-берекет шашылып жатуы қауіпті де. Ал оған жайбарақаттық танытқан ауыл әкімінің ісіне қандай баға береміз?
Жыл сайын мемлекет басшысының Жолдаулары мен бағытты бағдарламалары, үндеулері жарияланып тұрады. Елдің еңсесін көтеру жолындағы жұмыстар да осы Жолдаудағы тапсырмалар аясында жүзеге асады. Оны халыққа түсіндіріп, үгіт-насихат жұмысын жүргізу – қай-қайсысымыздың болмасын азаматтық парызымыз. Сол үгіт-насихат жолдарының бірі – ауылдағы көрнекі ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Ал Тасқарасудағы көрнекі ақпарат құралдары, яғни билбордтардың кейбірінің орындарының бос тұрғанына қарап, бұл ауылда саяси жұмыстың әлсіз екенін аңғаруға болады-ау, шамасы. Көрнекі құралдардың орны босап, ойсырап тұр. Темірлері тозып, тот басқан.

ЖЫҒЫЛҒАН ТУ – ЖЫҒЫЛҒАН НАМЫС
Бәрін айт та, бірін айт, туымыздың жырын айтайық енді. Бұл ауылдағы ең сорақы кемшілік әкімдік ғимаратының сыртында тұрған туымыздың қисайғаны болды. Туымыз тұғырында түзу тұрмаса, елдігімізге сын, намысымызға мін емес пе? Мемлекеттік қызметкерлердің Мемлекеттік Тудың қисайғанын түзетпесе, өзгеге сын айтып налымасақ та болар? Бұл біздің әлі күнге санамыздың жаңғырмай жатқанынан хабар берсе керек. Туымызға қарап жүрегіміз тілімденіп, ғимараттың ішіне ендік. Алдымыздан әлдеқашан өзгеріске ұшыраған мемлекеттік бағдарламаның үгіт құралы жарқ ете қалды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы өткен жылы өзгеріске ұшырап, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» болып аталып келеді. Бұған әлі күнге ешкім де зер салмаған сыңайлы.

Анар
ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

  • Кемеңгер

    «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі ж…
  • Алаштың абыройы артатын шақ

    Айлардың алмасып, жылдардың жылжуы заңдылық. Міне, 2019 жылдың да табалдырығын аттадық. Ел…
  • ДАЛАМЫЗДЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!

    Осыдан бірнеше ай бұрын ұлттық арналарда қазақстандық «Тасөткел» телехикаясының тұсаукесер…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді.