Басты бет Әлеумет АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХҚО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӨШЕГЕ ШЫҒЫП, АВТОЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ КЕҢЕС БЕРДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХҚО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӨШЕГЕ ШЫҒЫП, АВТОЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ КЕҢЕС БЕРДІ

0
1,886

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Талдықорған қалалық фронт-офис мамандары әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірге көшеге шығып, автокөлік иелеріне жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру әдісін түсіндірді.

Мәселен, І.Жансүгіров көшесінен өткен көлік жүргізушілері куәліктерін онлайн тәртіпте электрондық үкімет порталы арқылы қалай ауыстыруға болатындығы туралы хабардар етілді.

   Еске сала кетейік, қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының тұрғындарына ұсынылады.

Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-көшірмесін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеу керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж төлемі 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды.

Дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не бара беруге болады. Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психологиялық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді.