Басты бет Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы БЕС БАСТАМА – ҰЛТ ТАТУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

БЕС БАСТАМА – ҰЛТ ТАТУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

0
1,146

Аудандық кітапханада ұйымдастырылған «Ұлтаралық татулық – Қазақстан тәуелсіздігінің басты жетістігі» атты дөңгелек үстелге бастамашы болған – аудандық «Нұр Отан» партиясы. Кездесуге ақсақалдар, қоғамдық ұйым мүшелері, депутаттар қатысты. Жиын тізгінін қолына алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Нұров дөңгелек үстел басына жинаудың басты себебі жақында ғана халқына жол тартқан Елбасының бес бастамасын тағы бір рет түсіндіру және «Ұлтаралық татулық – Қазақстан тәуелсіздігінің басты жетістігі» деген тақырыпта ой бөлісу, сырласу, түйін айту екендігін жеткізді.
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Елбасы Үндеуін партия мүшелері арасында тағы бір рет тәптіштеу үшін Мәулен Мұқажанұлы баяндама жасады. Қазақстан Республикасы әлемнің көзімен қарағанда жер шарындағы ең алып құрлықтың алып жүрегі болып соғып тұрғандығынан сөз саптауын бастап, баһадүр бабаларымыз басынан қара бұлт арылмай, қолынан қаруы түспей қорғап қалған осынау байтақтың төрінде бүгінгі күні ғасырлар мен дәуірлердің жемісіндей жарқырап алып шахар бой көтергендігін мақтанышпен жеткізді. Осындай жемісті жылдарды көзбен көріп, қолмен ұстауға үлкен мүмкіндік жасап келе жатқан біздің көреген Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен маңдай тері. Жыл сайын жоспарлы түрде дамуға қарай қадам жасауды жақсы үрдіске айналдырған Елбасы биылғы жылы да халыққа Жолдауын жариялап, болашаққа барар бағытымызды көрсетті. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан кейін көктемнің алғашқы аптасында ел Президенті 5 әлеуметтік бастамасын жария етіп, Үкіметке нақты тапсырмаларын берді. Дәл осы 5 әлеуметтік бастамада келешекте халықтың игілігіне қызмет ететін нақты жоспарлар мен айқын қадамдар қамтылғандығын айтып, аудан көлемінде соңғы жылдары салынып жатқан жаңа құрылыстар, жастарға үй салуға беріліп жатқан жер телімдері туралы ойын ортаға тастады.
Екінші мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлжаһан Әликеева «Ұлтаралық татулық – Қазақстан тәуелсіздігінің басты жетістігі» тақырыбында баяндама жасады. 130-дан аса ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына жинаған Қазақстан деген алып ел татулықтың, ауызбірліктің арқасында бүгінгідей бақуатты мемлекетке айналғандығын тілге тиек етіп, аудан көлемінде кейде жастардың болар-болмас дүние үшін бет жыртысып, жұдырықтасып жататындығын да жасырмады. Мектеп оқушылары арасында осындай кикілжіңдер туындап тұратындығын, олардың жолын кесу үшін үлкендер жағынан көп насихат жұмыстары жүргізілу керектігін де айтты. Ұлтаралық татулыққа сызат түспеу үшін түсінік дұрыс жеткізіліп, үйдегі, мектептегі тәрбие дұрыс жолға қойылу қажеттігін тәптіштеді. Облыстық мәслихаттың депутаты Ызғарбек Бектұрсынов Елбасының бес бастамасын қолдап, ұлтаралық татулықты бекіте түсу үшін үйдегі, жиындардағы, мектептегі тәрбиенің арасында алшақтық болмауын, үлкендер жағын бір пікірде, бір пейілде болуға шақырды. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нурвәг Сейитов, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жеңіс Тойшыбеков, аудандық мәслихаттың депутаты Жамал Оқаевалар ұлттар арасындағы татулықтың, ынтымақтың берік орнығуының алғышарттары боларлық дүниелерді тізбеледі. Жиын қорытындысын жасаған аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрәкім Есжан Елбасының үлкен саясатының темірқазығы ол – ұлттар арасындағы татулықтың сақталуы, ел дамуына бірлесе отырып үлес қосу екендігін айта келе, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық насихат жұмысындағы табысты еңбектерін атап, бір шаңырақ астында өмір сүргендіктен мақсат та, арман да, үміт пен сенім де бір болу керектігін жеткізді. Жиынға қатысқандардың да көкейлеріндегі көп сұрақтарына жауаптар табылды.

Баян
МАМЫРБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қиш ғемини язда ойла…

«Чонҗиға газ кирмәкчи», дегән хәвәрни аңлиған пәйттин етиварән, гезитимизда бу мавзу қизғи…