Басты бет Рухани жаңғыру ЖАРҚЫН ЖАСТЫҚ — БАЯНДЫ БОЛАШАҚ

ЖАРҚЫН ЖАСТЫҚ — БАЯНДЫ БОЛАШАҚ

0
2,092

Қ  арадаланың қара топырағын басып, қараша ауылдың қара домалақ баласы болған, бүгінгі таңда белгілі бір белестен асып, ел мен жері, ұлты үшін тер төгіп жүрген азаматтарымыз қаншама? Олардың жеткен жетістігі ауылдастарының, жерлестерінің қуанышы әрі мәртебесі. Төккен тер мен еткен еңбектің жеңісі. Қасиетті  Қарадала өлкесінің өрісі.

Қараса көз, ұшса құстың қанаты талатын кең даланың бауырында жүріп, ақындары жырына, әншілері әніне қосқан өлкемізден түлеп ұшқан, алдыңғы қатар ағаларының ізін басып, артынан ергендерге үлгі бола білген ауданымыздың азаматы Мұрат Есжанмен және оның отбасымен №2 Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектепте кездесу өтті. Кездесу Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында болды. Ең алдымен кездесудегі басты кейіпкердің мектеп қабырғасында жүріп шығарған жыр шумақтарын оқушылар мәнерлете оқыды. Сонан соң «Үлкен үй», «Мұнаралы Америка» сияқты фильмдерінен үзінді көрсетіліп, Мұрат Есжанға сөз кезегі берілді. Ол ең алдымен отбасы мүшелерімен таныстырып, өзі жайында қысқаша ақпарат беріп, мектеп қабырғасындағы оқушыларға келелі кеңесін айтып, бүгінгідей жетістікке жету жолындағы көрген қиыншылықтары мен бастан өткерген қызықтары жайын сөз етті. Маңызды да мазмұнды әңгімеден кейін әкесі Нұрәкім Есжанға сөз кезегі беріліп, ол ұлының бала күнгі естелігімен бөлісіп, білімге құштар болғандығын, үлкендерден тәрбие, үлгі алғандығын жеткізді. Сол сияқты анасы Шәкира Шынтемірова ұлдарының жеткен жетістігін мақтанышпен айтса, жан жары Айсәуле Нұрлыбайқызы АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасымен білім алып, ол жақта өткен тыныс-тіршілік жайында әңгімелеп, оқушыларға ағылшын тілін білудің қаншалықты маңызды екендігін де түсіндірді. Кездесу барысында оқушылар түрлі сұрақтарын жолдап, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Қонақтардың құрметіне арналған әсем ән мен мың бұралған би кездесудің көркін қыздырды.

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…