Басты бет Әлеумет ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

0
2,461

       2018 жылғы 15 қаңтардан бастап ҮЕҰ үшін «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларының» (бұдан әрі — Қағидалар) жеңілдетілген нұсқасы қолданысқа енгізілді. Аталған қағидаларды бекітетін Дін істері және азаматтық қоғам министрінің тиісті бұйрығы 2017 жылы 6 желтоқсанда қабылданды (№ 175 бұйрық).

2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ»дерекқоры ақпараттық ресурсы (infonpo.kz) өз жұмысын бастағанын ескерткеніміз жөн. Аталмыш ақпараттық ресурс арқылы ҮЕҰ-ның өкілдері «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес ҮЕҰ дерекқорына енгізу үшін өз қызметтері туралы мәліметтер ұсынуға мүмкіндік алды.

Жеңілдетілген Қағидалардың аясында:

  • ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді енгізу бойынша нысан жеңілдетілді: бірқатар тармақтар

жойылды және нақтыланды, ыңғайлы толтыру үшін ақпарат кесте түрінде ұсынылды;

  • нысанды толтыру барысында дұрыс және жүйеленген ақпаратты қамтамасыз ету үшін өңірлер, ұйым қызметінің бағыттары, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар бойынша тиісті тізімдер қосылды;
  • құрылтай құжаттарды, есеп теңгерімді ұсынуға талап ететін нормалар жойылды;
  • ұйымның кіріс және шығыс туралы тармақтар салық есебінің нысанына сәйкестендірілді.

Мәліметтерді infonpo.kz веб-портал арқылы электрондық түрде ұсыну үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет.

Мәліметтерді пошта арқылы немесе қағазды және электрондық тасымалдаушыда (CD-дисктер немесе DOC, DOCX форматында USB- флэш арқылы) қолма-қол тапсыру, мәліметтерді интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтарға арналған баламалы нұсқа болып табылды.

ҰЕҮ туралы мәліметтерді ілеспе хатпен қосып, пошта арқылы немесе қолма-қол келесі мекен — жайға жолдауға болады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

infonpo.kz ақпараттық ресурстық жұмысының бірінші жылдың нәтижелері бойынша өз қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде белгіленген мерзімде 3000 мыңға жуық ҮЕҰ ұсынды. Бұл сайтпен жұмыс жүргізудің қолжетімділігі мен есеп беру нысандары толтыру рәсімінің жеңілдігін дәлелдейді.

Осыған байланысты, үкіметтік емес ұйымдарды өз қызметі туралы мәліметтерді infonpo.kz ақпараттық ресурс арқылы үстіміздегі жылғы 31 наурызға дейін ұсынуға шақырамыз.

 

«Ұйғыр ауданының ішкі сасяат бөлімі» ММ

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…