Басты бет Жолдау БІЛІМ – ТАУСЫЛМАЙТЫН ҚАЗЫНА

БІЛІМ – ТАУСЫЛМАЙТЫН ҚАЗЫНА

0
2,526

Тәуелсіздік алғаннан-ақ еліміз білікті де білімді мамандар даярлау мен білім сапасын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жоғары бағалап, экономикалық және басқадай қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау көрсетіп келеді. Шындығында білімнің баға жетпес үлкен рухани қару, зор өндіргіш күш екендігі белгілі. Сондықтан да күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында білім саласына баса назар аударды. Мұндай айтулы оқиғалар жыл сайын жарық көретін Жолдауларда жиі айтылып келеді. Болашақ ұрпақтардың саналы болуы, сапалы білім алуы, ел ертеңінің жарқын, дамуымен пара-пар. Биылғы Жолдауда Елбасымыз «2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады» деген болатын. Осыған орай аудандағы қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арнайы курс өткізілуде. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде мұғалімдерге «Өрлеу БА ҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі) инновациялық-технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Ләззат Орманбекова әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу, критериялды бағалауды енгізу, педагог мамандардың біліктілігін арттыру бойынша сабақ жүргізуде. Ол ең біріншіден ХХІ ғасырдың дағдыларын қалыптастыратын, өмірлік тұлға болып қалыптасатын оқушыларға қажет. Бұрындары балаға тек теория жүзінде ғана сабақ берілетін болса, жаңартылған бағдарламада оқушылар төрт дағды бойынша өзіндік ізденістерін дамытуға болады. Яғни оқушы бестік баға алу үшін емес, білімнің мазмұнын сезінуге, оның қаншалықты қажет болатындығына дағдыланады. Бұл ретте мұғалім бақылаушы, қадағалаушы, ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде қалыптасады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы кезең-кезең бойынша жүзеге асырылып, 2021 жылы толықтай жаңа білім беру жүйесі іске қосылмақ. Жалпы білім беретін барлық мектептердің деңгейін Назарбаев зияткерлік мектебіне жеткізу. Егер біз ауылдардағы білім ошақтарын сондай дәрежеге көтерсек, әр баланың шет мемлекетте білім алуына толықтай мүмкіндік бере аламыз. Сонда бұл жерде жетістікке жетуші мұғалім емес, оқушы болады. Оқушының белгілі бір жетістікке жеткені мұғалімнің мәртебесінің көтеріліп, беделінің артқаны десек қателеспейміз. Сол сияқты үш тілділікті қолдау арқылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін балаларға меңгерту. Әрине, бұл ретте де мұғалімнің білімді болғаны абзал.

Кәмшат ЖҰМАҒОЖАЕВА,
№4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БИЛИМ — ТӘРӘҚҚИЯТНИҢ КЕПИЛИ

Қазақ хәлқиниң мәрипәтчиси Ахмет Байтурсун оғлиниң «Билимлик болуш үчүн оқуш керәк. Бай бо…