Басты бет Өңір тынысы СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

0
2,147

Көктем келісімен күн жылынып, жылғалардан су ағып, сай-саладан сел жүретіндігі бар. Жыл сайын үлкен тас жолдардағы көпірлер, өткелдер су тасқыны кезінде бұзылып кететіндігін көріп те жүрміз. Осыған орай аудан әкімінің өкімімен комиссия құрылып, аудандағы барлық елді мекендерді аралап, қауіпті жерлерді көзбен көріп, алдын алу жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Құрылған комиссия мүшелері ең алдымен ауылдық округ әкімдіктерінің қажетті құрал-жабдықтарымен, техникаларымен танысып, құжаттарын тексерді. Тексеру барысында Шонжы, Шарын, Тасқарасу, Бахар, Ақтам ауылдық округтерінің әкімдігі жанында құм-шағыл жинақталғаны белгілі болып, басқа ауылдарда аталған жұмыстар жүргізілмегендігі анықталған. Сонымен қатар қауіпті деп танылған ауылдар да жоқ емес. Олардың көбі — ауданның төменгі бөлігінде орналасқан елді мекендер. Атап айтқанда, Шарын, Шонжы, Тасқарасу, Добын, Ұзынтам және Тоғызбұлақ аймақтары су тасқынына қауіпті болып саналады. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Маликжан Масимов күн жылығаннан соң арықтар мен каналдарда тазарту жұмыстарын жүргізу керектігін, ауылдарды су басып кетпеуі үшін арнайы арықтар тартылып, негізгі каналдарға жеткізілуін тапсырды. Су тасқыны болуы мүмкін маусым ішінде аудан көлемінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында комиссия бірнеше проблемалық мәселелерді шешу жолдарын қарастыруды ұсынады. Атап айтқанда, ауылдық округтер орталығынан еріктілер тобын құрып, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қолда бар техникаларды қалыптастыру, Ұзынтам, Шарын, Добын, Тасқарасу, Шонжы ауылдарында қар суын қауіпсіз аймаққа шығару үшін қорғаныс дамбаларын нығайту жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Тексеру барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тарапынан ерікті топ мүшелері мен ауылдық округ әкімдіктеріне, төтенше жағдайлар саласына жауапты мамандарға іс жүзінде құжаттарды жүргізу және оқу-жаттығулар өткізу бойынша көмек көрсетіліп, тұрғындарға табиғи апаттардың алдын алу, қауіпсіздікті сақтау негізіндегі насихат жұмысы да жүзеге асырылды.

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мектеп ашылды

Шонжыда жаңа білім ордасы өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Үш қабатты ғимарат 900 оқушы…