Басты бет Көкжиек БІЛІМ ГРАНТТАРЫ – БОЛАШАҚТЫҢ ҮЗДІК КЕПІЛІ

БІЛІМ ГРАНТТАРЫ – БОЛАШАҚТЫҢ ҮЗДІК КЕПІЛІ

0
1,066

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауындағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытын жүзеге асыру мақсатында Сулейман Демирел университеті жыл сайын бірегей SPT олимпиадасын өткізіп келеді.

SDU Proficiency Test (SPT) — бұл ағымдағы жылдың мектеп және колледж түлектеріне арналған СДУ-дың ішкі олимпиадасы. Олимпиаданың негізгі мақсаты — талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауға көмектесу және түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету. Олимпиадада әрбір оқушы өз таңдаған бағыты бойынша білімін көрсете отырып, СДУ-дың ішкі грантына немесе жеңілдігіне ие бола алады.

Биылғы жылы олимпиада 4-наурызда бір уақытта еліміздің 19 қаласында: Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Жезқазған, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Семей, Өскемен, Маңғыстауда өтеді. Ауқымды іс-шараға биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 10 000-ға жуық талапкер қатысады деп күтілуде. Үздік нәтиже көрсеткен 300 талапкер 4 жылға жарамды 100% грант пен арнайы жеңілдіктерге ие болады.

Ал, оқу орнының SPT жобасына бөлінген ішкі грантының қоры 260 млн теңгені құрайды.

«Қазіргі таңда университеттің ресми сайтында байқауға тіркелу басталып кетті. Өтініштер саны бойынша Алматы қаласының мектеп бітіруші түлектері көш бастап тұрса, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларының білім ошақтарының түлектері де зор қызығушылық танытуда. Олимпиадаға тіркелу ресми сайттың http://sdu.edu.kz/kk/spt/ бөлімінде онлайн түрде қолжетімді. Байқау ережелері мен талаптары айқын көрсетіліп, тіркелу рәсімі ашық форматта жүргізіледі. Тіркелген талапкерлер автоматты түрде электрондық пошта арқылы жеке ID CARD-қа ие болып, бұл құжат олимпиаға қатысуына кепілдік береді», -дейді СДУ ректоры  Қанат Қожахмет.

Олимпиада тестілеу форматында 6 кластерде: Физика, География, Химия-Биология, Ағылшын тілі, Әдебиет, Тарих пәндері бойынша өтеді. Тестілеу сұрақты белді зияткерлік мектептердің ұстаздарымен құрастырылып, қоғамдық кеңесте мақұлданады.

Бүгінгі таңда SPT олимпиадасы ең ауқымды әрі жоғары сұранысқа ие, Елбасының қойған заманауи бағыттарына сай жоба болып табылады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢА ӘДІС – БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ЖОЛЫ

М.Жалилов атындағы Кетпен орта мектебінде «Альфа ұрпақтарын оқыту әдістері» бойынша семина…