Басты бет Әлеумет АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

0
1,342

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірлесіп Өңірлік коммуникациялар  қызметі ұйымдастырған оқу курсы «Workshop» шығармашылық шеберханасында, «ТВ-журналистикадағы кіріспе сабақ» тақырыбында алғашқы мастер-класс өтті. Бұл іс-шараға спикер Алматы облысының «24kz» телеарнасының тілшісі Гүлнар Жантасова болды.

Workshop (ағылшын тілінен тікелей аудармасы «жұмыс студиясы») – қаламыздағы алғашқы болып ашылған  шеберхана, университетіміздің болашақ журналистері үшін таптырмас мүмкіндіктердің бірі.Бұл шеберханада студенттеріміз республикалық теледидар, газет шеберлерінен дәріс алып, өз білімдерің шыңдап, қаламдарын ұштай алады.

Зерттеу түріндегі бірінші сабақ. Спикер өз жұмысының құпиясымен бөлісіп, тележурналистиканың сюжеттерің  қалай жасауға болатыны, әңгіме желісі кезінде  қандай сұрақ қоюы керек, журналист өзін-өзі қалай ұстауы керектігі жайлы  студенттерге әңгімелеп берді.

«Журналистика — адам әрдайым ізденетің мамандық», — деді Гүлнар Жантасова.

Парадокс, журналистика — бұл қызықты қызмет саласы, сонымен бірге, бұл өзіңізге және сіздің дағдыларыңызға көп жұмыс қажет ететін күрделі жол.

Кездесу өте қызықты, әрі мағлұматқа толы болды. Студенттер қызығушылық тудыратын сұрақтар қойып, білімдерімен бөлісе алды. Кезекті кездесулерде, ақпараттың оңай үйренуін қамтамасыз ету үшін спикер ойын түрінде шеберлік сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шара аптасына екі рет, сабақтың ұзақтығы бір академиялық сағатты құрайды. Келесі сабақтарда спикерлер: журналистер, редакторлар, операторлар, редакторлар, фотографтар, корректорлар болмақ. Студенттер дәріс арқылы жаңа білімдер мен практикалық дағдыларды меңгере алады, және олардың болашақта жұмысқа орналасуына үлкен  көмек болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…