Басты бет Әлеумет ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЭКСПЕРЕМЕНТТІК-ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЭКСПЕРЕМЕНТТІК-ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР

0
1,171

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Dark cafe» эксперементтік жобасы жүзеге асты. Оның мақсаты қоғам мүшелерінің мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарастарын өзгерту, көру қабілеті төмен жандардың қиыншылық туғызатын сәттерін түсіндіру, сондай-ақ зағип жандарды тұрғылықты жұмыс орындарына орналастыру.

Эксперементтік жоба Қазақстанда алғаш рет «Сказка» мейрамханасында өткізіліп, қатысушылардың көңілінен шығып үлгерді. Оларды  мейрамханада көзі нашар көретін даяшы қарсы алды. Кейін қонақтардың көздері байланып, даяшының соңынан ерді. Қараңғы мейрамханада адамдар орындарына орналастырылып, алдында тұрған тағамдарын тек дәм сезу мүшесі арқылы білді. Сосын  жарық қосылып, қонақтар алған әсерлерімен бөлісті.

««Dark cafe» шарасы өте қызық өтті. Себебі күнделікті тамақтану үлгісі бүгін қиыншылықпен орындалды. Өйткені көзінді байлап қойған кезде адамның ішінде белгісіздік, қолайсыздық тіпті қорқыныш пайда болады екен. Ал тамақтану кезінде жерге байқаусызда бір затынды құлатып алсан оны табу мүмкін еместей болып көрінеді. Осы тәжірибе арқылы көздері нашар не мүлде көрмейтін жандарды түсіндік. Олардың ішкі сезімін басымыздан өткердік», — дейді қатысушы Алтын Садуова.

Айта кету керек, аталмыш эксперементтік жобаны Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы, «Ерекше Тандау Шелек»  корпоративтык коры, USAID ИПЭУ  Орталық Азияның Еуразиялық қоры ұйымдастырды.

Сондай-ақ, жоба ұйымдастырушылары алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандарды осындай танымал мейрамханаларға жұмысқа орналастыру жоспарда бар екенін айтты.  Осы арқылы қарапайым  адамдардың  көру қабілеті төмен жандарға деген ойын өзгерту, бұл  жағдайды қалыпты іске айналдыру.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…