Басты бет Заң және қоғам БАҚ өкілдеріне

БАҚ өкілдеріне

0
155

Алматы облысы Әділет департаментінің Іле ауданының әділет басқарамасы Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігімен ағымдағы жылдың 29 қаңтары мен 23 ақпаны аралығында жүргізіліп жатқан «Контрафакт» республикалық акциясы туралы хабарлайды.

Аталған іс-шараның мақсатыҚазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» линиясы бойынша индикатор көрсеткішін жақсарту.

Іс-шараның міндеті — Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау сұрақтары бойынша халықты кеңінен қамту және кәсіпкерлерді, құқық иелерін, барлық мүдделі ұйымдарды, органдар мен тұлғаларды тарту.

«Контрафакт» республикалық акция шеңберінде қоғамның контрафактілік өнімдерге төзбеушілігін қалыптастыруға бағытталған түрлі тақырыптық іс-шаралар өтеді.

Аталған акция шеңберінде 3 байқау өткізу жоспарланған:

1)    2018 жылғы 29 қаңтардан бастап 22 ақпанға дейін «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбына үздік мақалаға конкурс (аймақтық кезең 29 қаңтардан 9 ақпанға дейін, үздік жұмысты Әділет министрлігіне 14 ақпанға дейін жолдау);2)    2018 жылғы 29 қаңтардан бастап 22 ақпанға дейін «Контрафактқа жол жоқ» тақырыбына үздік билборд эскизіне конкурс (аймақтық кезең

3)    29 қаңтардан бастап 9 ақпанға дейін, үздік жұмысты Әділет министрлігіне

4)    14 ақпанға дейін жолдау);5)    2018 жылғы 29 қаңтардан бастап 22 ақпанға дейін «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбына үздік бейнеролик конкурсы (аймақтық кезең 29 қаңтардан 9 ақпанға дейін, үздік жұмысты Әділет министрлігіне 14 ақпанға дейін жолдау);Байқау екі кезең арқылы өткізіледі, бірінші кезең – аймақтық, яғни комиссия мүшелері қатысушылардың жұмыстарын қарау және іріктеу арқылы ең үздік жұмысты анықтап, Қазақстан Республикасның Әділет министрілігіне екенші республикалық кезеңге қатысу үшін жолдайды.Байқаудың қорытындысы номинациялар мен жүлделерді анықтау арқылы ағымдағы жылдың 22 ақпанында жарияланады. Осыған орай, барлық азаматтарды осы іс-шараға қатысуларыңызды сұраймыз.  Жоғарыда аталған іс-шаралар мен конкурстарға қатысуға ниет білдіргендер, сондай-ақ, бұл жөнінде туындайтын барлық сұрақтар бойынша Алматы облысы Әділет департаментінің Іле ауданы әділет басқарамасына 8(72752) 2 14 24 байлыныс телефонына хабарласа алады.

Сонымен бірге Конкурстарды өткізудің тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің және Алматы облысы  Әділет департаментінің ресми сайттарында орналасқан:  www.alm.adilet.gov.kz.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТIК ФУНКЦИЯЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА УӘКIЛЕТТIК БЕРІЛГЕН ТҰЛҒАҒА ЗАҢСЫЗ СЫЙАҚЫ БЕРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Д. ауылының орта мектеп директоры ауданның білім бөлімі басш…