Басты бет Спорт АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ХОККЕЙДЕН МЕКТЕПАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ХОККЕЙДЕН МЕКТЕПАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

0
1,484

Елбасының  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы 14 мектеп арасында  хоккей ойынынан жарыс өтті. Оны Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты және «Жасыл ел» штабының ұйымдастырды. Оның мақсаты

салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрін дамыту.

Шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

-Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отандық спортты дамыту туралы сөз қозғағанда, балалар спортына үлкен көңіл бөлу қажеттігін үнемі ерекше атап өтеді. Осы бағытта мемлекеттік қолдаудың арқасында нәтижелі істер атқарылуда. Жас спортшылардың сүйікті спорт түрімен толыққанды айналысуына жан-жақты жағдай жасалуда. Сіздердің араларыңыздан болашақта жоғары санатты кәсіби спортшы шығатындығына сенімдімін. Баршаңызға жоғары спорттық нәтижелер мен жетістіктер тілеймін. Спортпен шұғылданып, салуатты өмір салтын ұстаныңыздар!», — деді ол.

Күннің суықтығына қарамастан, мұз айдынындағы хоккей қызықты да, тартысты болды.  Финалдық ойында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, бірінші орынды №8 орта мектеп командасы, екінші орын № 1орта мектеп командасына және де үшінші орынға №12 орта мектеп командасы лайық деп танылды. Турнир жеңімпаздары мен үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТ ҮСТІНДЕ АТОЙЛАҒАН ЖІГІТТЕР

Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ а…