Басты бет Өңір тынысы КӨКЕЙДЕГІ КӨП МӘСЕЛЕ АЙТЫЛДЫ

КӨКЕЙДЕГІ КӨП МӘСЕЛЕ АЙТЫЛДЫ

0
1,004

2017 жылы тайқазанымыз табысқа толған, жолымыз оңынан, ел мерейі үстем болған жыл болды. Талай тартысты додалар мен әлем назарын аударған шараларды өткіздік. Облысымыз бен ауданымызда да ауыз толтырарлық жетістіктер жетерлік. Ауданымызға қарасты Ават ауылының тұрғындары үшін де өткен жыл өз еншісін қалдырыпты. «Өрлеу» бағдарламасымен жәрдемақы алған отбасылар әлеуметтік жағдайын түзеген. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 6 тұрғын 20 млн 800 мың теңге көлемінде жеңілдетілген пайызбен несиеге қол жеткізген. Нәтижесінде бір балабақша ашылып, қалған тұрғындар бордақылауға мал сатып алған. Өткен жылы 13 шаруа қожалығы 35 гектар аумаққа бақ отырғызған. Ауылшаруашылығы техникаларының саны да артқан. Ауыл тұрғындары мен түлектері тарапынан жасалған жақсылықтар да бар екен. Дегенмен әлі де атқарылар жұмыс ұшан-теңіз. Өткен жылы ауылда ешқандай көше күрделі жөндеуден өтпеген. Су құбырына да жөндеу жұмыстары әлі күнге шегеріліп келеді. Мәдениет саласының да мәнісі келісіп тұрғаны шамалы. 1951 жылы салынған ауылдық клуб апатты жағдайда тұр. Ал ауылдағы барлық мәдени кеш мектептің аядай акт залында өткізіледі. Бұл тұрғындар үшін жайсыз екені айдан анық. Ават ауылдық округінің 2017 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының қорытындылары мен 2018 жылға арналған орта мерзімді жоспарлары турасында ауыл әкімі Равиль Анадуллаев өз баяндамасында осындай желпіндірер жетістіктер мен көңілге жайсыз кемшіліктер турасында кеңінен сөз қозғады.

Мұнан соң аудан әкімі Шухрат Нурахунов та Ават ауылы тұрғындары алдында 2017 жылы атқарылған шаралар мен алдағы жылға жоспарлар аясында өз есебін берді. Иә, ауданда тілге тиек етіп, мақтанарлық дүниелер көп-ақ. Өткен жылы ауданымызда жеті бірдей жекеменшік балабақшаның ашылуы, жылыжайлар мен шырын зауытының өз жұмысын бастауы, жүздеген гектар аумаққа бақ отырғызылып, асыл тұқымды малдардың санының артқаны баршаға аян. Осындай олжалы жылдың өткенін айтқан аудан басшысы әлі де атқарар шаруалар мен жасалар жұмыстардың көп екенін де сөз етті. Әрине, атқарылған жұмыстардың орны бір бөлек, ал атқарылуға тиісті шаруалардың жайы өзгеше. Солардың қатарында кей ауылдарда шешімін таппай отырған ауыз су, жол, білім ордаларының күрделі жөндеуі, мәдениет ошақтарының жайы кімді болса да алаңдатары анық. Сөз арасында осы мақсаттарда үстіміздегі жылы жасалатын шаруаларға да тоқталды аудан әкімі Шухрат Турдахунұлы.
Аудан және ауыл әкімдеріне жаздағы өндірілген абрикос өнімін өткізуге көмек қолын созу, көшелерді жөндеу мәселелері турасында тұрғындардан жазбаша сауал жолданса, ауыл азаматы Ринат Хасияров, зейнеткер Турғанжан Турсунов, ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Рысқожа Нақысбековтер де ауылдық клубтың жайы, тоспа, ауыз су, медициналық пунктің жөндеу көрмегені, ауылдық әкімшілік ғимаратының тозығының жеткендігі турасындағы ойларын айтып, ауданнан келген басшылардан осы мәселелердің шешімін табуға көмектесуін сұрады. Тұрғындардың сауалы мен ұсыныс-пікірлеріне аудан әкімі Шухрат Нурахунов тұщымды жауап қайтарды. Бар мәселенің назарда болатынын, кезең-кезеңімен әрбір жұмыстың жүзеге асатынын жеткізді. Ауыл халқының еңбекқорлығы мен бірлігіне ризашылығын білдіріп, алғысын да айтты. Жиында айтылған сын-ескертпелер назарға алынып, жиын соңында қаулы шығарылды.

Анар
ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

  • Кемеңгер

    «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі ж…
  • Алаштың абыройы артатын шақ

    Айлардың алмасып, жылдардың жылжуы заңдылық. Міне, 2019 жылдың да табалдырығын аттадық. Ел…
  • ДАЛАМЫЗДЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!

    Осыдан бірнеше ай бұрын ұлттық арналарда қазақстандық «Тасөткел» телехикаясының тұсаукесер…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мектеп ашылды

Шонжыда жаңа білім ордасы өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Үш қабатты ғимарат 900 оқушы…