Басты бет Өңір тынысы ТАЛҒАРДА  42 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ  ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ТАЛҒАРДА  42 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ  ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

0
1,065

Бүгін ауданымыздың ең көрікті демалыс орындарының бірінен саналатын «Сегіз көл» кешенінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Талғар-инвест» жерлестер форумы өтті. форумның негізгі мақсаты ауданымыздың белсенді азаматтарының басын қоса отырып, ауданымыздың экономикалық даму көрсеткіштері мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін, атқарылып жатқан ауқымды істемен жұртшылықты таныстырып, ел дамуына бағытталған инвестициялық жобаларды бірлесіп атқаруға ұсыныс жасап, туған өлкеміздің өсіп-өркендеуіне көпшілікті жұмылдыру болды.

Форумға ауданымыздан шыққан ақамінер азаматтар ҚР Парламенті Сенатының экс депутаты, қоғам қайраткері Е.Астаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының комитет төрағасы М.Әбенов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы А.Тойбаев, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы А.Тохтасунов, облыстық мәслихат депутаты Д.Нұрбаевтар қатысып отырды.

Форум барысында ауданымызға инвестиция тарту мақсатында келген бірқатар азаматармен құны 42 млрд. теңге болатын екі жақты меморандумға қол қойылды. Олардың арасында бесағаштық жеке кәсіпкер Қайыр Мейірбеков «Туған жер» бағдарламасы аясында құны 100 млн. теңге болатын көлемі 485 шаршы метрлік спорт залын тұрғызып, ауыл әкімшілігінің игілігіне тапсырмақшы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мектеп ашылды

Шонжыда жаңа білім ордасы өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Үш қабатты ғимарат 900 оқушы…