Басты бет Өңір тынысы  «КӨШБАСШЫ – 2017» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

 «КӨШБАСШЫ – 2017» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

0
1,199

Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында облыстық  жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, Алматы облысы әкімінің  «Көшбасшы-2017» жастар сыйлығын тапсыру кеші өтті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұндай мəртебелі атақ  белгілі жетістіктерге жете білген, түрлі салада өзге жастарға үлгі боларлық нəтижелер көрсеткен 18-29 жас аралығындағы облыс жастарына беріледі. Биыл жастардың арасында 17 номинация бойынша үздіктер анықталды.

Атап айтсақ, «Үздік жас журналист» — «Жетісу» телеарнасының тележүргізушісі Хамитов Алмат (Талдықорған); «Үздік жас өнерпаз» — мәдениет үйінің директоры Дүйсембеков Медет (Қапшағай); «Үздік жас кәсіпкер» — Құрманғалиев Мансұр (Талдықорған); «Үздік жас ауыл шаруашылығының маманы» —  «Мадияр» шаруа қожалығының жетекшісі Әуелбаев Мадияр (Талғар ауданы); «Үздік жас ғалым» — С.Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы Тоқтаров Ермек; «Үздік жас ұстаз» — Үшарал қазақ гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарханов Ержан (Алакөл ауданы); «Жас батыр» — Д.Қонаев атындағы орта мектеп түлегі Жамоладдинов Темурбек, (Еңбекшіқазақ ауданы), «Үздік студент» — ЖМУ-дың 3 курс білімгері Митрохина Лариса, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» — Ардақ Сүйімбаева (Ақсу ауданы).

«Ел жастары жұдырықтай жұмылып, Елбасының сарабдал саясатының тиянақты түрде жүзеге асуына атсалысуы керек. Әсіресе, “Рухани жаңғыру” бағдарламасының іске асуына жас буынның көмегі аса қажет. Облыста Жастар саясаты мәселелері басқармасы және  Жастарға қызмет көрсету орталығы, барлық 19 аудан мен қалаларда Жастар орталығы құрылған. Бұл орайда олардың атқарып жүрген  нәтижелі жұмысын атап өткен жөн. Құрметті марапат иелері. Баршаңызға мол табыс, бақ-береке тілеймін. Туған еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек етіп, Қазақстанның мақтанышы болуларыңызға тілектеспін»,-  деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Айта кетейік,  салтанатты кешке арнайы Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары Кәмшат Жолдыбаева мен “RENZO” тобы келді. Олар әсем әннен шашу шашып, жиналған қауымның қошеметіне бөленді

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мектеп ашылды

Шонжыда жаңа білім ордасы өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Үш қабатты ғимарат 900 оқушы…