Басты бет Әлеумет АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ  ӘДЕБІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ  ӘДЕБІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
1,104

Ағымдағы жылдың 11 айы бойынша Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы 20 әкімшілік іс қозғап, қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік бюджет пайдасына 1 257 516 теңге өндірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қалжанов Ұлан баяндады.

2017 жылдың 11 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 12 отырысы өткізіліп, барлығы 92 мәселе қаралды. Оның ішінде 62 тәртіптік іс, 6 сыбайлас жемқорлық тәуекелділігіне ішкі талдау, 11 мемлекеттік органдардың атқарған жұмыс қорытындылары, 1 тәртіп кеңес жұмысы, 1 әдеп жөніндегі уәкіл жұмысы және  басқа да сұрақтар қаралғаны брифингте айтылды.

«Егер мемлекеттік қызметші жұмысқа қатысты тәртіп бұзып жатса, онда ең бірінші ескерту алады. Егер ескертудің талаптары орындалмаса, сөгіс алады. Сөгістің де қатаң және жәй түрі болады. Осы кезеңдерден өтіп кетсе, қызметші жұмыстан босатылады. Былтыр жалпы осы жайлы 100 іс тіркелсе, биылғы көрсеткіш әлде қайда азайып отыр, яғни 60 іс. Бұл дегеніміз қызметшілердің сапасының артуы және жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайтындығын дәлелдеп тұр», — деп қорытындылады Ұ.Қалжанов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…