Басты бет Әлеумет АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА  БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН  ШЕБЕРХАНА АШЫЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА  БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН  ШЕБЕРХАНА АШЫЛДЫ

0
1,543

Талдықорған қаласындағы  Журналистер үйінде ашылған шеберханада медиа саласына қызығушылық танытқан студенттер мен оқушылар теориялық білімдерін дамытып, өзара пікір алмаса алады , деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Аталмыш шеберхананың  мақсаты идеялар мен тәжірибе алмасу, барлық қатысушылардың ойын еркін жеткізе алуы. Бұл әдіс құрылған топтың өзара әрекеттесуіне негізделген.

Workshop шеберханасында  жастарға республикалық және облыстық БАҚ өкілдері дәрістер оқып, өз тәжірибелерімен бөліседі.   Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы қолға алған бұл жоба өңірдің медиакеңістігіне шыңдалған, білікті мамандар даярлауға септігін тигізбек. Өмірлік тәжірбиесі үлкен, кәсіби тұрғыда қалыптасқан аға буын өкілдері жас мамандарға бағыт бағдар беріп, олардың таңдаған мамандығының басқа да қыр-сырларын үйретуге әр кез дайын. Шеберханада алғашқылардың бірі болып, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары әрі ақын Нүсіпбай Әбдірахым тәжірбиесімен бөлісті.

—        Осындай игі бастамаға ашылып отырған шеберхана жас журналистерге үлкен көмегін тигізбек. Себебі, университет қабырғасында алған білімдерін тәжірибеде пайдалана алады, өзіне өмірлік азық жинап қана қоймай, болашағын нақты қай бағытта жұмыс істейтінің жоспарлай алмақ, — деді ол.

Айта кетейік, аталмыш Workshop шеберханасы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің журналистика және филология кафедрасының филиалы болып табылады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ӨТКЕНГЕ ЕСЕП БЕРІЛІП, ЕРТЕҢГЕ ЖОСПАР ЖАСАЛДЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғамды…