Басты бет Әлеумет ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН ШЕНДІЛЕР

ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН ШЕНДІЛЕР

0
1,265

Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері аудандағы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнайы барып, жаңа жыл мерекелерімен құттықтап қайтты. Ең бірінші Ұлы Отан соғысының ардагері Мирзахмәт Машуровтың отбасына барып, сый-сияпаттарын ұсынып, ізгі тілектерін жолдады. Одан кейін көпбалалы ана Айгүл Құрманбаеваның шаңырағындағы бүлдіршіндерді шаттыққа бөлеп, жылы лебіздерін жолдады. Сондай-ақ көпбалалы ана Гүлзат Жұматаева мен Ясмина Итяковаларды да жаңа жылдарымен құттықтап, сыйлықтарын беріп, әр уақытта көмек беруге дайын екендіктерін айтты. Гүлзат Жұматаеваға қосымша отын түсіріп беруге уәде берді. Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің ізгі істеріне ризашылық танытып, алғыстарын жаудырған отбасылар да жаңа жылдық тілектерін жолдап жатты.
Ізгілікті істерімен елдің ықыласына бөленген азаматтарға айтылар алғыстар мен берілер ақ баталар көп. Жақсылыққа жаны құмар жандардың мұндай әрекеттері басқаға үлгі боларлықтай. Жасаған жақсылықтары әр уақытта жалғасын тауып, халықтың ыстық ықыласына бөлене берсін дейміз.

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…