Басты бет Әлеумет АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 222 ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ІСКЕ АСУДА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 222 ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ІСКЕ АСУДА

0
1,098

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Zhas Project» жобасының облыс бойынша үйлестірушісі Мәдина Атайбаева баяндады.
Жоба мақсаты жастарды қоғамдық өмірге тартылуын ынталандыру, әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталғын.
Жалпы жобалар 18-ден 29 жасқа дейінгі жастарды қолдауға бағытталған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлінуде. Арбаға таңылған қоғам мүшелерінің өзекті мәселелерін шешуге «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қоларба электр құрылғысы» жобасы көмектесуде. Қоларбаны 30-дан аса адам пайдаланған. Аталмыш электромобиль күніне 5-7 км жүруге мүмкіндік береді.
«Біз 4 электр құрылғысын сатып алдық, қазіргі уақытта олармен 10 адам қолдануда. Осы жоба көптеген мүгедек жандарға көмегін тигізіп жатыр. Еркін және кедергісіз жүріп тұруға барлығы бірдей құқылы, біздің міндетіміз осы мүмкіндікті беру», — деді жоба көшбасшысы Қарабасов Нұрболат.
Жоба авторының айтуынша 3 ай көлемінде мүмкіндігі шектеулі жандар қоларбалармен 1700 км жүріп өткен және олар 4 электр құрылғысын кезекпен алып отырады.
Баспасөзге қатысушылар осындай жобалардың көп болуын және әрі қарай өзара дамуын тілесті.

Презентация

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…