Басты бет Мәдениет және руханият ЖЕТІСУЛЫҚТАР КӨПТЕН КҮТКЕН «PATRIOT QAZAQSTAN» ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР КӨПТЕН КҮТКЕН «PATRIOT QAZAQSTAN» ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

0
1,056

Талдықорғанда республика бойынша алғаш  рет «PATRIOT QAZAQSTAN»  реалити-шоуы өтіп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз-конференциясында белгілі болды.

Баспасөз мәслихаты барысында спортшылар өздерінің суреттері бар күнтізбелерге қолтаңбаларын қойып,  БАҚ өкілдері мен көрермендерге таратты. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша спорттық-патриоттық шоуды жергілікті телеарнада күн сайын Астана уақытымен сағат 19: 45-де көруге болады.

«Қатысушылардың пікірінше, мұндай жобалар жастарды отансүйгіштікке жетелейді. Аталмыш жарыстың бірінші аптасында жаттығамыз. Келесі аптасы нағыз мықты тарландарды анықтауға жұмсаймыз. Мұның барлығын біздің реалити-шоудан  көруге болады», — деді жобаның бас жаттықтырушысы Жыңғылбаев Алмас.

«Patriot Qazaqstan» — бұл жас көшбасшылардың құнды тәжірибе алмасуына, сонымен қатар, жастардың маргиналдық, девианттық мінез-құлықтарының  алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.

Айта кетейік, реалити-шоудың жүргізушісі болып танымал жас актер  «Жау жүрек мың бала» фильмінің басты рөлін сомдаған Аян Өтепберген таңдалды. Бұрын актер боксқа қатысты «Тайталас» киносына түскен.

Мұндай жобалар дені сау, рухы биік жас ұрпақ тәрбиелеуге, сондай-ақ,  бокс жанкүйерлерін жігерлендіруге себепші.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИГІ

Әрбір адамды, тұтас халықты ғұмыр бойы алға жетелейтін, тағдыр мен тарихтың бұралаң жолдар…