Басты бет Рухани жаңғыру ЖУРНАЛИСТЕР ТАРИХПЕН ТАНЫСУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН ТАПТЫ

ЖУРНАЛИСТЕР ТАРИХПЕН ТАНЫСУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН ТАПТЫ

0
907

Өзіңдік тарихымен ерешеленетін мәдени ескерткіштердің бірі «Тамғалы тас» шатқалына БАҚ өкілдері мен Сүлеймен Демирел атындағы  университеттің білімгерлері экскурсияға шықты. Тарихи шатқал Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткізілген экскурсияның  басты мақсаты мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Сакралды Қазақстан» тізіміне енген облыс аумағындағы киелі, тарихи жерлерімен таныса отырып, Жетісу өңірінің   әлеуметтік және туристік инфроқұрылымын дамыту.

«Жартастағы жазулар тибет пен қалмақ тілінде жазылған. Аңыз бойынша, Х ғасырда Жетісуда буддизмнің таралуы негізге алынған, олар Іле өзеніне дейін жеткенде жер сілкінісі болған, соның нәтижесінде жерге жардың үлкен бөлігі құлаған. Болған жағдайды буддисттер Үндістанға кері қайту қажеттілігі белгісі ретінде түсінді. Құлаған жардың бөлігіне олар Будданың үш құдайының суреттерін салған.  Мұнда жергілікті тұрғындар ем іздеп келеді, олардың айтуынша, Будда суреттеріне жанасқанға, ем табылуы ықтимал»,- деді экспедиция жетекшісі Бақытжан Молбаев.

Сондай-ақ, экспедиция қатысушысы Наби Маржан да өз ойымен бөлісті.

-Өз елімізде осындай тарлан тарихтан қалған, мұра саналатын, бүкіл әлемге белгілі тарихи өлкеге «Тамғалы тас»  шатқалына танымдық экспедиция ұйымдастырылғанына қуаныштымын. «Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық» дегендей, оқығаннан гөрі, көзбен көрген әсерлі. Көптеген жаңалықтармен таныс болдым. Өзіме жаңа мәліметтер қалыптастырдым,-деді ол.

Айта кетейік, осындай танымдылығы мен  тағылымы мол шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…