Басты бет Мәдениет және руханият АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ЖЕТІСУДЫҢ ЖЫР КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ЖЕТІСУДЫҢ ЖЫР КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

0
1,008

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев мәлімдеді.

Жобаның мақсаты Жетісу жерінде кіндік қаны тамған ақын-жазушыларды көпшілікке таныту, олардың шығармаларын әлеуметтік желілер арқылы ел арасында насихаттау.

Жоба ережесі бойынша өзі мәнерлеп оқыған өлеңді бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге салады. Содан өлең оқу кезегін өзі таңдаған оқырманға ұсына отырып, эстафетаны табыстайды дейді ұйымдастырушылар.

«Жобаны жүзеге асыру барысында жыр эстафетасын белгілі журналист, «Айтуға оңай», «Қаракет» бағдарламаларының жүргізушісі, облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек бастады. Ол Алматы облысының тумасы, ақын Жұматай Жақыпбаевтың «Ләйлә» өлеңін әлеуметтік желі оқырмандарына тарту етті. Бүгінгі күні инстаграмм әлеуметтік желісінде осы өлең туралы 30 мыңнан астам қаралым, 200-ден аса пікір қалдырылды. Ал, фейсбук желісінде 5 мыңнан аса қаралым, 100-ден аса пікір жазылды», — деді А.Башбаев.

Айта кетейік, аталмыш жобаны 15-ке жуық адам қолдап, әлеуметтік парақшаларына салды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИГІ

Әрбір адамды, тұтас халықты ғұмыр бойы алға жетелейтін, тағдыр мен тарихтың бұралаң жолдар…