Басты бет Өңір тынысы ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ОҚУШЫ Х ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ОҚУШЫ Х ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

0
1,046

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында №24 «Экономика және бизнес»  арнаулы лицейінің» химия пән мұғалімі Әмір Сәулетхан баяндады.

Талдықорған қаласының Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес»  арнаулы лицейінің» 11 сынып оқушысы Сағындықов Сейдакім химия пәні бойынша Қарағанды облысының Теміртау қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерінен олимпиадада III-орынды иеленді.

Жалпы, Алматы облысының намысын қорғауға үш оқушы қатысты. Олимпиада III кезеңнен тұрды. Жарыста химия пәні бойынша 166 оқушы білімдерін сынап, қорытынды бойынша Сағындықов Сейдакім I- орынды алды.

«Президенттік Олимпиадаға  қатысу үшін дайындығымды 11 сыныптан бастадым, бәрі әділ түрде өткізілді.  Физика, математика пәндерінен қиналған сұрақтарым болды. Бірақ, бар білімімді көрсетуге тырыстым. Ендігі арманым Назарбаев университетіне түсу», — деді С.Сағындықов.

Сондай-ақ, химия пән мұғалімі С. Әмір өз пікірін білдірді.

-Оқушыларымыз аудандық, облыстық, республикалық түрлі шараларға қатысып, өз білімділігін, талантын жоғары дәрежеде көрсетуде. Химия пәні 8 сыныптан бастап оқытыла бастағанымен, ойлау қабілеті жақсы, дарынды  оқушыларды 7  сыныптан бастап олимпиадаға дайындауды бастаймыз. Жылына екі рет  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінің  проффессоры Құрманғали Бекішевпен дайындық жұмыстарын өткізіп тұрамыз, — деп қорытындылады ол.

 

ОРАЛБЕКОВА

Айжан Талғатқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мектеп ашылды

Шонжыда жаңа білім ордасы өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Үш қабатты ғимарат 900 оқушы…