Басты бет Рухани жаңғыру АЛМАТЫДА ҚХА-НЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА-ФОРУМЫ ӨТТІ

АЛМАТЫДА ҚХА-НЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА-ФОРУМЫ ӨТТІ

0
741

«Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды. Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады», – деген болатын Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында. Осыған орай Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әл-Фараби кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ Халықаралық медиа форумы өтті.

Екі жылда бір рет тұрақты түрде өткізілетін форумның биылғы тақырыбы «Сананың ашықтығы» деп аталды. «Халықтың көзі мен құлағына һәм тіліне» айналып отырған БАҚ-тың қоғамдағы рухани жаңғыру мен ұлттық бірлікті, татулықты, тұрақтылық пен сананың ашықтығын қамтамасыз етудегі рөлі орасан зор. Форумның мақсаты да дәл осы ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі мен кәсіби этика мәселелерін талқылау болды. Форумның алғашқы күнінде елімізге танымал тілшілер қауымы шеберлік сабағын өткізіп, журналистердің күнделікті өміріне қажетті ақпараттармен бөлісті. Қолына қалам алғанның бәрі журналист атанып, ақпаратты оңды-солды шатпақтап жеткізіп жүргендер үшін бұл күнгі сабақтың көп пайдасы тиді.
Ал форумның екінші күні отандық және шетелдік журналистер TEDx конференциясы форматында залға жиналған қауыммен интерактив байланыста көпұлтты еліміздегі масс-медианы дамыту мәселелерін қызу талқылады. Форумға ҚХА Төр­ағасының орынбасары-Хат­шы­лық меңгерушісі Дархан Мыңбай, Ақ­парат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов және алыс-жақын шетелдерден, нақтырақ айтсақ, Германия, Латвия, Ресей, Өзбекстан елдері­нен кел­ген сарап­шылар, тілші мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп, ұлттық журналис­ти­ка­­ның қалыптасуы жолында ма­ңыз­ды міндет арқалап келе жатқан қара­шаңырақ ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенттері қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай форум жайында: «Рухани жаңғыру идеясының аясында өткізіліп отырған жиынның «Сананың ашықтығы» деп аталуы­ның мәні зор. Бұл ең алдымен, жетістікке жету жолы. Рухани жаң­ғыру ашық сана, ізгі оймен қатар жүреді. Елімізге шетелден келген сарапшылар көпұлтты мемлекет жағдайында журналистиканың қалай дамып отырғанын өз көзімен көріп, тәжірибе үйреніп, пайдалы ой түйіп отыр. Маман даярлауымызда және болашақ журналистерімізді дұрыс бағытқа бағдарлап, оларды обьективті мұқият қарап жазуға, сөздің құдіретін түсіну деген мәселелердің барлығы осындай алаңдарда әңгіме болады. Менің ойымша, бұл тек студенттерге ғана емес, кәсіби журналистерге де үлкен пайдасы бар», — деді.
Иә, қалай десек те, қоғамдық санаға әсер ететін, пікір қалыптастыратын бірінші күш – журналистика. Сондықтан бүгінде журналистердің әділдігі мен нақтылығы, ақпаратты жедел жеткізе білуі сынға түсіп келеді. Ал аталмыш форум тілшілер қауымына маңызды мағлұматтар беріп, тығырықтан шығу жолдарын ұсынды. Форум аясында отандық және шетелдік спикерлердің шеберлік сабақтарымен қатар этностық БАҚ көрмесі өткізілді. Осы тұста сол үлкен көрмеде біздің «Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси» газетінің де орын алуын айрықша атап өтуге болар. Респбуликалық, облыстық деңгейдегі этностық БАҚ-тың арасында ауданымыздың газетінің тұруы біз үшін үлкен мәртебе.
Жиын соңында Қазақстан хал­қы Ассамблеясының журналис­тика саласында жыл сайын өткі­зетін «Шаңырақ» байқауының жеңім­паздары марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

  • Кемеңгер

    «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі ж…
  • Алаштың абыройы артатын шақ

    Айлардың алмасып, жылдардың жылжуы заңдылық. Міне, 2019 жылдың да табалдырығын аттадық. Ел…
  • ДАЛАМЫЗДЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!

    Осыдан бірнеше ай бұрын ұлттық арналарда қазақстандық «Тасөткел» телехикаясының тұсаукесер…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…